Ресейдегі Новгород қаласының тұрғыны көршісінің үйіне кіріп, үстелдің үстінде тұрған шұжық, күріш, майонез бен бір қазан сорпасын ұрлап кетіпті. Қылмыскер ұсталған соң тергеушілер «қылмыстық құрамды» анықтауға кірісіп, келесідей қорытындыға келіпті: «ұрланған сорпаның құны – 240 рубль. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығынның көлемі – 383 рубльді құрады. Сотталушы ішіп үлгермеген сорпаның қалдығы оның заңды иесіне қайтарылды». Сорпа ұрлағыштың ісін қараған сот қылмыскерді екі жылға бас бостандығынан айыру жайлы үкім шығарып, артынша жазаны шартты түрде өтелетінін жария етті.
Сорпа ұрлап 2 жылға сотталды
Пікір жазу( 0 Пікір) |