Адамзат тарихындағы ең танымал ойындарының бірі – «Тетристің» пайда болғанына 25 жыл толды. Лос-Анжелес қаласында өткен мерейтойды тойлау іс-шарасына «тетристің» авторы – Алексей Пажитнов та келді. 29 жасында тетрис ойынын ойлап тапқан Пажитнов бас қатыратын ойындарға кішкентайынан құмар болғанын жасырмайды.
КСРО Ғылымдар академиясының жас ғылыми қызметкері 1984 жылы жаңа ойын шығарып, оны «Тетрис» деп атады. Латын тілінен аударғанда «төрт» дегенді білдіреді. Оның мәнісі – ойында бар-жоғы төрт фигура қолданылады. Ойынмен танысқан американдық компаниялардың арасында патентті сатып алу бойынша нағыз талас-тартыс басталды да кетті. Дегенмен, Пажитнов 1991 жылы «Тетрис» компаниясын құрып, ойынды шығару ісін өз қолына алады.