Шардарада асылып өлген оқушы ұстазын кінәлап хат қалдырған

Бұған дейін ақпарат құралдарында Шардара ауданында мектеп оқушысының асылып қайтыс болғаны және оның ұстазын кінәлап жазған өлімалды хатының табылғаны жарияланған болатын. Осы оқиғаға байланысты Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Онда былай дейді: 

«2019 жылы 15 наурыз күні таңғы сағат 8.00-де Шардара аудандық Полиция бөлімінің кезекшілік бекетіне 2004 жылғы туылған, 9 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсағандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.
Аталған оқиға қайтыс болған баланың өз үйіндегі сарайында орын алған.
Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп жеткенде баланың қайтыс болғанын анықтайды. 
Оқиға орнын тексеру барысында баланың өзінің өліміне мектептегі ұстазын кінәлап жазған қолхаты табылғандығы болжануда.
Қазіргі таңда өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде
».

Оқиғаның мән-жайын тергеу амалдары анықтайтын болады.


Жарнама орны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Баланы қалай жылдам ұйықтатуға болады?
  • Қыста артық салмақ қоспас үшін...
  • Баланың бал-сұрақтарына жауап...
  • Арықтаудың ғылыми стратегиясы
  • Басқалардың ойына тәуелді екеніңізді білдіретін 10 белгі
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: