Ғаббас Қабышұлы: «Билік басындағылардың топқа бөлінуі болмай тұрмайды»

Screenshot_1.jpg

Ғаббас Қабышұлы, жазушы:

- Машкевич, Шодиев, Ибрагимов, Миттал, Ким меншіктеген кәсіпорындарда қысқарту бұрын да болған, әлі де болады, себебі олар миллиардтаған долларын үстей түсу үшін сөйтіп «үнемдейді». Осынау алпауыттардың кесіпорынды сатып, не жалға аларда біздің «жомарттардың» алақанын майлап, шартты өз ыңғайына қарай  жасағаны сөзсіз. Капиталистердің дәстүрінше: елге келген шетелдіктер компания, т. б.  ашпақ болса, ол ұжымының кемінде елу пайызын жергілікті халықтан жасақтауға және оларға айлықақыны өзі әкелетіндердің жалақысымен бірдей  етіп төлеуге, өнімнен салықты толық төлеуге міндетті. Өйтпейді екен, онда еліне қайта берсін. «Машкевичтер қайдан пайда болды?».  Ол да, Шодиев пен Ибрагимов те Олжас Сүлейменовтің «Невада-Семей» акционерлік қоғамынан шыққан. Атом-ядролық сынаулардан зардап шеккен семейліктерге көмектесуге деп жинап алған жүздеген миллион долларды бөліске салғандар.  ...

- Биліктегі кланааралық күрес дегенге сенесіз бе?  

 Билік басындағылардың топқа бөлінуі болмай тұрмайды. Бізде де бар сияқты, бірақ мен ешкімді нұсқай алмаймын, себебі тым болмаса министр атаулының бір де бірін танымаймын. Топтың жершілдік, рушылдық сипаты болатыны бізде ауызша заңдастырылған, мысалы, облысқа басқа өңірден әкім тағайындалса, ол өзінің  5-10 дос-жолдасын сүйрей барады, бәріне үй, саяжай береді. Жергілікті кадрлар дереу босатылып, жұмыссыз да, үйсіз де қалады. Ол ол ма, мен туып-өскен Шығыс Қазақстан облысы (орталығы - Өскемен қаласы) әкімдікке В. Храпунов барысымен «жаңалыққа» тап болыпты. «Конверт деген пәле шықты, шаруамыз  онсыз шешілмейді» десіп жүрді жұрт. Храпунов та он шақты нөкерін ертіп жеткен. Ойларына келгенді істеген. Әлбетте, қожайыны тақтан тайған күні нөкерлері де тайып тұрған. Қожайын Швейцарияға дәу ұшақ жалдап қашты ғой, яғни нөкерлері де құр қол, жаяу қайтқан жоқ.

(Алматыдағы интернет-конференциядағы жауабынан, 2010 ж)


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: