Кәрім Мәсімов облыс әкімдері жазаланатынын айтты

8671021b986cd65776cce2bc909.jpg

Бәріне емес, қаржыны игермегендеріне. Әрине, әкімнен бұрын орынбасарларынан сұралатыны анық. Дегенмен... Былтыр 60 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы игерілмей қалғаны жөнінде газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз. Сол қаржы Үкімет басшысының да ұйқысын қашырған секілді. Үкіметтің кезекті отырысына қабағы қатулы келген Премьер-министр К.Мәсімов қаржыны игермегендер жазаланатынын жеткізді.«Мен депутаттарға бюджет қаржысының игерілмеген әрбір тиынының тексерілетіні жөнінде уәде бердім. Сол себепті бүгінгі отырыстың хаттамасы бойынша Қаржы министрлігінің, Премьер-министр кеңсесінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобын құруды тапсырамын, – деді Үкімет басшысы. -- Жұмыс тобы бір айдың ішінде бюджет ресурстарының игерілмеуінің барлық фактілері мен нақты себептерін талдап, жауапты адамдарды жазалау туралы ұсыныс енгізуі тиіс. Мерзімді уақыты аяқталған соң, бұл жұмыс нәтижесін Республикалық бюджеттік комиссияда қараймыз. Содан кейін тіпті бірінші басшыға дейінгі кінәлілерді қатаң жазалау жөнінде арнайы ұсыныс енгізетін боламыз. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысына өзім ұсынатын боламын».

Айтпақшы, үнемделген қаржы мәселесі де сөз болды. Бірқатар әкімдер әжептәуір қаржы үнемдепті. Премьер-министр К. Мәсімов облыс әкімдеріне сол үнемделген қаржыны түгелдей ауылдық жерлердегі әлеуметтік маңызы зор жобаларға апарып салуды тапсырды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: