Мәсімов Шымкентке жасырын келіп кетті

d94a8c1cab22900c5e550c79cbe874fb_XL.jpg

 «Шымкентке премьер министр Кәрім Мәсімов келеді екен» деген әңгіменің құлағы өткен аптада қылтиған болатын. Артынша үкімет басшысының сапары кейінге қалдырылыпты деген мәлімет естігенбіз. Міне, осы аптаның сейсенбісінде көптен күткен қонақ Оңтүстіке табан тіреді. Қызығы сол, Мәсімовтың Шымкентте суыт келіп, кеткенін қарапайым жұртшылықты былай қойғанда жаңалыққұмар журналистердің өздері кеш естіді. Премьер облыс әкімдігінде шұғыл жиын өткізіп, іле-шала аттанып кеткен. Мұндай едел-жедел сапардың астарында не жатқанын біле алмай далмыз. 

 Астанадан үлкен шенеунік келсе, алдын ала жол жауып, көше тазалап, келген қонаққа лента қиығызбай жібермейтін оңтүстіктің атқамінерлері бұл жолы әдеттегі жүрісінен жаңылды. Облыс әкімдігінде істейтін қызметкерлерден там-тұмдап сұрап білгеніміз, Мәсімовтың өткізген жиынында Елбасының үкіметке берген тапсырмаларын орындау мәселесі қаралған. Үкімет басшысының оңтүстіктің шенеуніктерін не мақтағаны, не даттағаны, қандай тапсырамалар жүктегені құпия күйде қалып отыр. Жиынға  барлық дерлік министрлердің орынбасарлары қатысыпты. Министрлердің арасында тек Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов болыпты. Б.Жұмағұлов жиыннан кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне кіріп шығуға уақыт тауыпты. Ал, Мәсімов шұғыл Қызылорда облысына жол жүріп кеткен. Ол жақтағы жиын да «жабық есік» жағдайында өткен. 

Интернет бетіне жарияланған материалдарға қарағанда, премьер бұған дейін Батыс Қазақстан, одан кейін Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, облыстарында болған. Барлық облыста өткен жиынға журналистер қатыстырылмаған. Соған қарағанда, бұл Астанадан келген нұсқау болса керек.  Мәсімовтың елден жасырып жиын өткізетіндей басына не күн туды екен?!    Мұны неге жоруға болады? Бәлкім, Елбасының айтқан қатқыл сындарынан кейін Үкімет  «аттың жалында, түйенің қомында жүріп», сүрініп-қабынып жұмыс істеуге көшті ме екен?! 

Мұрағаттан: 19.07.2012


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: