25 жастағы келіні 72 жастағы енесінің басынан балтамен ұрып өлтірді

38842.jpg

Шымкент қаласының іргесіндегі Сайрам ауданында 72 жастағы кейуана қайтыс болды. Әрине, марқұмды ұл-қыздары, ағайын-туыстары арулап, дәстүр бойынша соңғы сапарға шығарып салды. Ажалға амал құрықтаған ба, ешкім де анасын мәңгі жанында ұстап отыра алмайды. Жаназаға тұрғандар мен көңіл айтып келгендер кейуананың сатыдан абайсызда құлап кеткенінен құлағдар болды. Алайда өлімнің шын себебі 48 жастағы сол ауданның бір тұрғынының арызынан кейін белгілі болды.

Қауіп алыстан келмепті. Ананы ажал құштырған өзімен бір шаңырақ астында тұратын 25 жастағы туған келіні болып шықты. Аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері арыз негізінде тергеу амалдарын жүргізгенде зардап шегушінің үйінің мал қорасынан қан іздері табылған. Ал айғақ болатын балта мен қан дақтары тиген әйелдер халаты мен ақ түсті полиэтилен қапты әжетханаға тастап жіберіпті. Күдікті ретінде сұралған келіні арада болған келіспеушіліктің салдарынан енесінің басынан балтамен ұрып өлтіргенін мойындаған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал кейуананың өліміне не себеп болғанына нақты көз жеткізу үшін мәйітке эксгумация жасау мәселесі қаралуда. 

Иә, естімеген елде көп, өкінішке орай соңғы жылдары ене мен келін, әке мен бала, жақын бауырлар арасында орын алып жатқан оқыс оқиғалар, қайғылы жағдайлар көбейіп барады. Әрине, әкесін ұрлығы үшін ұстатып берген  Павлик Морозовтардың патриоттық әрекеті біздің менталитетімізге жат. Мұндай сорақы әрекеттерге тыйым болатын бірден-бір жол дін екенінде дау жоқ. Мұхаммед (ғ.а.с) пайғамбар заманында да шаңырағында туылған қыз баланы намыс көріп, 3-4 жасында тірідей көміп өлтіретін шектен шыққан сорақылықтың да бетін дін қайтармап па еді?!

Ахметжан Керімбеков, облыстық діни басқарманың бас имамы:

- Бір кездері ұл-қыздар ата-ананың қас-қабағына қарайтын болса, қазір ата-ана ұл-қыздарының қас-қабағына қарайтын болып барады. Бұл ақырзаманның бір белгісі. Үлкенге құрметтің, кішіге ізеттің болмауы – бір құдіреттің бар екендігіне сенбеушіліктен шығады. Алла тағаланың бар екендігіне кімде-кім күмәнсіз сенетін болса құдіреттің жасаған үкімдеріне де, яғни құранға да сенген болар еді. Құран жолымен, пайғамбардың сүннет жолымен өмір сүрген болса, әлбетте ол адам мұндай оқиғаларға жол бермес еді. Пайғамбардың, одан кейінгі сахабалардың, сахабалардың көзін көргендер заманында да мұндай мысалдар сенуі мүмкін емес, яғни көзге елестете алмайтын жағдайда еді. Міне, осы жайттардың барлығы қазір көз алдымызда көрініс беріп отыр. Кез-келген нәрсе тозады екен, сол секілді  ақыл-ой, жүректегі сенім де қазір осындай халде тұрған секілді.

   Шадияр Молдабек, Оңтүстік Қазақстан облысы     


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: