"Көп әйел алуды заңдастыруға қалай қарайсыз?" деген сауалнамаға депутаттар қатысқан болатын.
Алдан Сымайл, Мәжіліс депутаты:
- Барлық жақ келісімін беріп отырса, көп әйел алуды неге заңдастырмасқа? Егер тоқалды заңдастыра алсақ, одан туған балалар да заңды болады.
Бақыт Сыздықова, Мәжіліс депутаты:
- Егер «Неке және отбасы» туралы Кодекске екінші әйел мәселесіне қатысты өзгерістер енгізілетін болса, мен тап сол сәтте екінші күйеу алу жайлы басқа норма енгіземін.
Тито Сыздықов, Мәжіліс депутаты:
- Мен бұл мәселені талқылайтын жаста емеспін, немерелерім үйленгелі жатыр. Оның үстіне, өзімнің 40 жылдан бері бірге тұрып жатқан әйелімнің алдында ыңғайсыздау болайын деп тұр. Мұндайды менен гөрі жас, осы мәселе толғанып жүрген әріптестерімнен сұрау керек.
Амангелді Айталы, Мәжілістің үшінші шақырылымының депутаты:
-Өмірде түрлі жағдайлар орын алып жатады. Біреудің әйелі тумай қалуы мүмкін, осындайда біз неге күйеуінің екінші әйел алуға байланысты құқығын шектейміз? Ажырасу мәселені шешпейді ғой.