Әбілда Аймақ: «Екі әйелімнің татулығы таңқалдырады»

Screenshot_14.jpg

1994 жылы Жазушылар Одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесіне хатшы болып жас қыз келді. Мен болсам бөлімшенің төрағасымын. Ол келген бойда-ақ көңілім алай-дүлей күй кешті. Бірақ қыз тым жас. Менен тура 23 жас кіші. Ол машинкаға көбінесе менің өлеңдерімді басатын. Өзі де сезімтал қыз болуы керек, бірте-бірте екеуміз шүйіркелесіп, әңгімелесетін дәрежеге жеттік. Менде бөтен ой болған жоқ. Бір күні ақын Сатыбалды Қосалы үйге келді. Екеуміз оңаша әңгімелесіп отырдық. Бір кезде ол:

     - Әй, Әбілда, не білгенің бар? Ана хатшы қыз – Ақмарал сені жақсы көреді екен, сонымен дұрыстап сөйлеспеймісің? Мен сенің жайыңды жақсы білемін ғой. Адам өмірден өз бақытын таппайынша мұратына жете алмайды. Жаңылмасам – осы қыз сенің бақытың! – деді.

      Ойланып қалдым. Сәкең бекерге айтпайды. Не болса да қыздың көңілінде не бар екенін білуім қажет болды. Қасымдағы Сабырбек Нұрманұлын “барлауға” жібердім. Ол бар мән-жайды біліп, Сатыбалды көкемнің айтқаны айна-қатесіз екенін жеткізді. Әйелім Өзипа да түсінігі мол адам ғой. Маған ешқандай қарсылық білдірмеді. Сөйтіп, ғұмыр бойы таппай өтермін деген қызды жолықтырдым. 

     Міне, қазір Аллаға шүкір Өзипа, Ақмарал үшеуміз бала-шағаны бірге өсіріп келеміз. Ал екеуінің татулығы мені осы күнге дейін таңқалдырумен келеді. Татулықтың арқасында  отбасымызда береке сақталған, балаларым да бақытты.

Мұрағаттан: 24.11.2011


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: