– Өміріңізде қандай жаңалық болып жатыр?
– Қандай жаңалық болушы еді, қартайып бара жатырмын, одан басқа жаңалық жоқ.
– Соңғы кезде не жазып жүрсіз?
– Дәл қазір бас жазып отырмын. Сатира басқа жанрлар сияқты емес қой, мұнда шығарма оқыс оқиғадан жазылады. Сондықтан бұйыртқанын көріп жүрміз. Биылғы жылы «Қалай болса, солай», «Еркектер-ай, әйелдер-ай, қыздар-ай!» деген екі кітабым қатар шықты.
– Қанша әйеліңіз, қанша балаңыз бар?
– Қанша әйелің бар деген сөз мен үшін артықтау. Оның үстіне әйелім қасымда отыр (күліп). Жар дегенде жалғыз әйелім бар. Маған біреу қалың мал беріп, қинап жатса да екінші әйел алмаймын. Үш қызым, екі ұлым, жиен немерелерім бар. Мысалы, менің әкем екі әйел алған, мен тоқалдың баласымын. Қайын атам үш-төрт әйел алған кісі екен, менің әйелім бәйбішенің қызы.
– Тұқымыңызда екі әйел алу бар екен ғой?
– Ол тұқымда бар. Ал менің тұқымым оған жарамайды.
Мұрағаттан: 24.11.2011