Қаратау ауданы: Қарашаш ана кесенесі тазартылды

Oinet.kz 18-04-2024 73

«Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық шарасы Қаратау  ауданында да жалғасын тапты. Аудан әкімдігі іс-шара барысында Қаратау ауданында орналасқан кесенелер мен зираттарды тазартуды жоспарлап отыр.

Screenshot_8.jpg

Аудандағы бүгінгі іс Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесін тазалаудан басталды. Игі шараға   аудан әкімдігі, «Қаратау коммуналдық мекемесі», аудан тұрғындары, еріктілер, оқушылар атсалысты. Тазалық акциясы аясында кесене маңындағы ағаш, бұталар ретке келтіріліп, түптері ағартылды. Бордюрлер мен орындықтар, қоршаулар сырланды. Кесене маңындағы өсіп кеткен шөптер орылып, кесененің іші, сырты шаңнан тазартылды.  

– Бүгінгі игі шараға ауылымыздың тұрғындары жас демей, кәрі демей түгел қатысып отыр. Бұл тазалық акциясы тазалықты ғана насихаттап қоймай, елімізді бірлікте болуға, өзінің Отанын, туған жерін, қаласын сүюге тәрбиелеп жатыр деп ойлаймын.Біз, зиялы қауым өкілдері, Мемлекет басшысының игі қадамын қолдап, белсене атсалысып келіп отырмыз, — деді Сайрам тұрғын алабының төбе биі Хавазмат Төлеметов. 

Айта кетейік, бүгінгі шараға Жастар ресурстық орталығынан 20-ға жуық ерікті, тазалық мекемелері, зиялы қауым өкілдері, аудан жастары, мектеп оқушылары, жалпы 100-ге жуық адам  атсалысып, аталған аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстары ертең Ибрагим ата кесенесінде жалғасып, жалпы апталық аясында 4 кесене мен бірнеше зиратты тазарту жоспарланып отыр.

Токаев: Правительство не оставит никого без соответствующей заботы
Еңбекші ауданы: Ескерткіштер маңы тазаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу