Шымкент қаласында кәсіподақтар төрағалары бас қосты

Oinet.kz 14-10-2023 365

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен және Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен Орталық Азия елдері кәсіподақтарының шекара маңы ынтымақтастығы бойынша семинар өтті. Оған Қазақстан, Қырғыз, Тәжікстан мен Өзбекстанның кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері  қатысты. 

Screenshot_16.jpg

Семинар барысында ACTRAV/ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Сергеюс Гловацкас аймақ елдері кәсіптік одақтарының арасындағы ынтымақтастықтың маңызы мен перспективалары жайлы айтты. 

Қоғамның басты байлығы – еңбек адамы. Еңбек адамы десе, адамдардың ойына алдымен кәсіподақ ұйымдары оралатыны анық. Өйткені, оның құқығын қорғайтын да, көмек беретін де бірден-бір қоғамдық ұйым ол – кәсіподақтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы алдымызға үлкен міндеттерді жүзеге асыруға бастамашы болып отыр. Онда еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмысшылардың жалақысын көтеру мен олардың құқықтарын қорғау бағыттары көрініс тапқан. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Кәсіподақтар – еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі», - деп, әділетті әлеуметтік мемлекет құру үшін кәсіподақ қызметінің нысандары мен әдістерін үнемі жетілдіріп, әлемде болып жатқан өзгерістерге орай, тиімді іс-қимыл стратегиясын әзірлеу міндетін жүктегені белгілі. Соңғы жылдары Орталық Азияның барлық елдері өзара экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аударып, ашық экономикалық саясат жүргізуге ұмтылуда. Бір елден екінші елге бару, шекарадан өту жылдан жылға оңай бола бастады. Бұл бизнестің ынтымақтастығы мен тауар айналымын ғана арттырып қойған жоқ, сонымен қатар еңбек ресурстарының мобильділігіне де жол ашып отыр. Еуропада адамдар бір елден екіншісіне күнделікті өтіп, жұмыс істей береді. Бұл жоғары жалақы іздеген адамдар үшін де, білікті кадр іздеген жұмыс беруші үшін де жақсы мүмкіндіктерді ұсынады. Болашақта Орталық Азия елдері де сондай дәрежеге жетуі тиіс. Ол үшін өзге елден келіп жұмыс істейтін адамдардың құқықтары толық қорғалуы шарт. Міне, осы тұрғыдан алғанда  Орталық Азия елдері кәсіподақтарының шекара маңы ынтымақтастығын арттыру өте маңызды, - дейді Сергеюс Гловацкас. 

Семинар барысында қатысушылар қызметкерлердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік қамсыздандырылуына ықпал ету және еңбек даулары шиеленісуінің алдын алу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Шымкент қаласында 71 отбасы арендалық баспанаға қоныстанды
Шымкент қаласында жылыжай кешенін дамытуға көңіл бөлінуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу