Шымкент қаласында 71 отбасы арендалық баспанаға қоныстанды

Oinet.kz 14-10-2023 246

Шымкент қаласында 71 отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында арендалық баспанамен қамтылды. Жаңа тұрғын үйлер Тұран шағын ауданында орналасқан. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бүгінгі таңда Шымкент қаласында қала құрылысы жұмыстары жанданып келеді. Соның ішінде Тұран ауданында да салынып жатқан биік, еңселі тұрғын үйлер күн санап көбейе түскен. 

Screenshot_15.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауында құрылыс саласы елімізде маңызды орынға ие екенін айта келіп, «Бүгінде Қазақстандағы сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі де қолданылады. Сондықтан, Үкіметке мүлдем жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырамын. Әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасау керек. Жер кадастрында өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер телімдерінің картасын қолданыстағы көлік және коммуникация инфрақұрылымының схемаларымен толықтырып отыру қажет» дей келіп, осы саладағы кейбір кедергілерді жоя отырып, тұрғын үй мәселесін алдыңғы орынға шығарады. 

- Қазіргі таңда Тұран-2 елдімекенінде 1112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз және электр жүйесі тартылған болатын. Қазір мұнда ішкі орамды тегістеу, абаттандыру, аяқжол және асфальт төсеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар шағын ауданның 25,26 орамдарына инженерлік инфрақұрылым желілері тартылуда. Нысандарды толық қолданысқа беру биыл екінші жартыжылдыққа жоспарланған, - дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов.

Оның айтуынша, шағынауданда мемлекеттік бюджет есебінен 49 тұрғын үй бой көтерген. Алдағы уақытта аталған аумақта 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр екен. Қала әкімі шағын ауданның даму жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарды қадағалап, мердігер мекемелердің жұмыс кестесін де назарға алды. «График бекітілген, талап бар! Әкімдік тарапынан уақытылы қаражат жіберу жағы шешілген. Тек өздеріңіз қол қойған кестеге сай жұмыс істеу керек» деген қала әкімі басқарма басшыларына тұрғындарды баспанамен қамту мақсатындағы жұмыстарды сапалы, әрі жұмыс кестесіне сәйкес аяқтауды тапсырған еді осы аудандағы тұрғын үй нысандарын аралау барысында.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша жылдық жоспарға сәйкес жыл басынан бері 324 арендалық пәтер  өз иелерін тапты. Олардың ішінде әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар бар. 

Айта кетейік, арендалық баспанамен қамтылған азаматтармен келісім шарт жасалып болған соң ғана түгендеу жұмыстары жүргізіліп, кезектен шағырылады. Ал кезектегі азаматтардың тұрғын үй кезегі түгендеуден кейін алға жылжиды.

Шымкент қаласында жастар арасында әскери сайыс өтуде
Шымкент қаласында кәсіподақтар төрағалары бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу