Шымкент қаласында жылыжай кешенін дамытуға көңіл бөлінуде

Oinet.kz 15-10-2023 450

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Әсіресе жылыжай кешендерін дамыту қала билігінің бақылауында тұрған саланың бірі. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, жылыжай жүйесі жақсы дамып келеді. 

Screenshot_17.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ауыл шаруашылығымен қатар кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға басымдық беріп отыр. Яғни, шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен бизнес саласын көтеру бүгінгі күні алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі. Шынын айту керек, қазір инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы орынға ие екені белгілі. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде қаламызда жылыжай шаруашылығына көңіл бөлген кәсіпкерлер қатары артып,  калыптасып келеді, - деді Әбунасыр Жанбатыров. 

Басқарма басшысының басшылығымен осы тақырып аясында семинар-кеңес өткізілді. Әбунасыр Шарифуллаұлының төрағалығымен қала аумағындағы жылыжай кешендеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірілді. Ол жиналысқа «Ұлттық Сараптау және Сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының басшысы Малик Яров, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Фермерлер Одағының төрағасы Мырзахмет Снабаев пен қала аумағындағы 40-қа жуық жылыжай шаруашылықтарының басшылары қатысты.

Жиналыс барысында басқарма басшысы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің №107 бұйрығына сәйкес, жалпы өсімдік шаруашылығына соның ішінде жылыжай шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы толықтай түсіндірді. Сонымен қатар, шаруашылықтадың алдағы қыс мезгіліне дайындығы мен қажетті көмір көлемінің жеткізілу барысы талқыланды. 

Бұған бөлек, «Ұлттық Сараптау және Сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының басшысы Малик Яров фермерлік жылыжай стандарттары мен сертификат алу үшін атқарылатын іс шаралар жөнінде түсіндірме берді. Жиналыс соңында, шаруашылықтар тарапынан қойылған сауалдарға толықтай жауап берілді.

Бұдан кейін басқарма басшысы ауыл шаруашылығы және шаруа қожалық жетекшілерімен бірлесе отырып, осы саладағы мәселелерді талқылады. 

Шымкент қаласында кәсіподақтар төрағалары бас қосты
Шымкент қаласында Азия ойындарының жүлдегерлері марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу