Шымкент қаласында жастар арасында «Лайықты ұрпақ – болашақ кепілі» атты кездесу өтті

Oinet.kz 10-10-2023 327

Шымкент қаласында жастардың белсенділігімен өткізіліп жатқан іс-шаралардың ауқымы кең. Мәселен, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Энергетика және байланыс колледжінде  «Лайықты ұрпақ – болашақ кепілі» атты кездесу өтті.

Screenshot_94.jpg

Тұран ауданы әкімшілігінің маманы Мадияр Саховтың айтуынша, аталған кездесудің басты мақсаты – жастардың бойындағы патриоттық сезімді арттыру. «Есте болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты ұзақ мерзімге арналған идеологиялық басым бағыттар талқыланып, нақты шешу жолдары ұсынылды. Екі күнге жалғасқан кеңесте ел үшін маңызды мәселелердің түйіні тарқатылып, жүйелі ұсыныстар, кесімді шешімдер айтылған болатын. Сонда Президентіміз ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Осы талаптан шығу үшін біз бүгін жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуді көздеп отырмыз. ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі, сондықтан әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Сондай-ақ, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелестік қабілетін арттыра алатынын түсіндіру, - дейді ол. 

Іс-шараға қатысқан Тұран ауданы әкімшілігінің маманы Мадияр Молдаханұлы жиында жастардың патриоттық сана жігерін оятып, рухты болуға шақырды.

– Жастарды руханиадамгершілік және патриоттық тұрғыда тәрбиелеу – бәрімізден бірлік пен ынтымақты талап ететін басты міндет. Президент «Ел атын әлемге танытып жүрген жастар ұлттың рухын жаңғыртуда» деп атап көрсетті. Біз жастардың бойындағы өнер-білімге, ғылымға, жаңашылдыққа деген осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейтуіміз, дамытуымыз қажет. Мемлекет басшысы білімді дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру керек деп міндет жүктеді, мұны біз абыроймен атқаруымыз керек. Сондықтан да жастардың жан-жақты, әрі олардың ізденісте, қозғалыста болуына ықпал етуіміз керек,- деді Мадияр Молдаханұлы. 

Сонымен қатар, дін істері басқармасының теолог маманы Серік Беккудов жастарға дін жайында айтып, жастарды толғандырған бірқатар сұрақтар жауап берді.

Шымкент қаласында өнеркәсіптік аймақтардың экономикасы артып келеді
Шымкент қаласында 20 инвестициялық жоба іске асырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу