Ақ халаттылар біліктілігін арттыруда

Oinet.kz 20-09-2022 407

Screenshot_45.png

Медицина саласы күннен күнге қарыштап дамып келе атқан сала. Бұл сала ылғи да ізденіс пен табандылықты қажет етеді.  Осыдан болар барлық медицина қызметкерлері жиі  біліктіліктерін арттырып отырады. 

Кентау қалалық емханасы басшысы Ғани Бахтиярұлының тапсырмасына сәйкес «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеулер институтының» маманы арнайы келіп, емхананың дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлері, социолог мамандары «Ауруларды басқару бағдарламасы» (ПУЗ) бойынша оқып жатыр.  Жалпы лекте 18 жалпы тәжірбиелі дәрігер, 39 жалпы тәжірбиелі мейірбике, 6 психолог дәрігер және 5 әлеуметтік қызметкер (социолог) білімін жетілдіруде.

Ауруларды басқару бағдарламасы (ПУЗ)  бұл - кешенді медициналық көмек көрсету арқылы аурудың салдарын болдырмау немесе азайту арқылы созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама. 

Осыған байланысты ауруларды басқару бағдарламасы –және оның мақсаттары бұрынғыдан да өзекті болып табылады, соның ішінде:

 - ұзақ мерзімді созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу және бақылау; 

- Қазақстан Республикасындағы халықтың аурушаңдығын, асқынуын, өлім-жітімін төмендету; 

- созылмалы аурулары бар науқастың жағдайындағы жағымсыз салдардың алдын алу үшін медициналық персоналдың және барлық қолда бар ресурстардың өзара әрекеттесуі;

 - жедел жәрдем шақырулары мен дәрігерді үйге шақыру санын азайту; - созылмалы аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын азайту.

Өз кезегінде, «Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 27 шілдедегі No 461 бұйрығында атап өтілгендей, Ауруларды басқару бағдарламасын (ПУЗ) енгізумен келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- қан қысымын тұрақтандыру науқастардың 50% -ында қол жеткізілді, 

- қант диабеті бар науқастардың 40% -ында оң динамика байқалады,

созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарды госпитализациялаудың жаңа жағдайлары 15% -ға дейін төмендеді.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында медициналық оқу орындарының жанынан ауруханалар мен емханалар ашылатыны туралы хабарлаған болатын.  Сондай-ақ медициналық оқу орындарының жанынан ауруханалар мен емханалар ашу студенттердің тәжірибе алмасып, маман ретінде өсуіне жағдай жасайды. Бәсекеге қабілетті денсаулық саласының бірінші көрсеткіші – кәсіби мамандар, яғни білімді, тәжірибелі дәрігерлер. Президент осы мәселе төңірегінде нақты шешімдерді ортаға тастады. Жолдауда көп түйткілді мәселенің шешімі айқын көрініс тапқан. Әділетті қоғамның басты белгісі – әділетті тұрғындар. Жаңа Қазақстанның дамуы ең әуелі әр азаматтың өзіне тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн. 


Құзырлы органдардың қатысуымен жиын өтті
Жемқорлық - дерт, онымен күресу - міндет!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу