Бірнеше істі меңгерген кәсіпкер

Oinet.kz 27-08-2022 241

Screenshot_33.png

Әлем бойынша өсу қарқыны ең жылдам «Павловния» ағашы Түркістан облысы Ордабасы ауданында да отырғызыла бастады. Ерекшелігі –жапырағы шипалы ал діңі жихаз дайындауға  таптырмас шикізат. Бұл ағашты өсіруді қолға алған кәсіпкер жүзім егуді қолға алған. Тіпті бау бақшасын жайқалту  үшін ол шетелге барып арнайы білім алып та келген. 

Агроөнеркәсіпке үлесін қосып келе жатқан кәсіпкерлердің бірі Әбдіхалық Исаев. Ол бүгінде 50 гектар жерге жүзім, қарбыз, және жоңышқа еккен. Оған дейін кәсіпкер Түркия, Испания елдеріне барып тәжірибе алмасып, білімін жетілдіріп келіпті. Жүзім өсіруді осыдан соң қолға алған. Айтуынша жеміс ағашы өте нәзік болғандықтан, оған көп күтім керек. 

"Бұл жерде 50 гектар жер бар. 50 гектардың 10 гектарына жүзім еккенбіз. Жүзімнің басқа сорттарынан 6 тоннасын еккенбіз. Құдайқаласа жемісін береді деген ойдамыз. Сосын дарбыз еккенбіз. Тек бағбаншылық емес, диқаншылықпен де  айналысып жатырмыз. Жалпы 50 гектарды жылда дамыту мақсатымыз бар",- дейді кәсіпкер Әбдіхалық Исаев.

Сондай-ақ шаруа «Павловния» ағашында өсіріп бастаған. Айтуынша, бұл ағаш Жапония елінде өсіріледі. Оның ерекшелігі, жихаз және музыкалық аспаптарды жасауға қолданады екен. Сондай-ақ көміртегіні 10 есе көп жұтып, сәйкесінше оттегіні де көп бөледі. Егер жақсы қарап, күтіп, баптайтын болса, 1 жылда 3-4 метрге дейін өскін береді екен. Бағбан мұнда павлония көшетінің  50 мың данасын отырғызған.

Кәсіпкер Жүзім шаруашылығын қолға алған кезде мемлекет тарапынан қолдау тапқандығын айтады. Бүгінде өлкеде Әбдіхалық Исаев секілді шаруасын дөңгелетіп жатқан азаматтар саны аз емес. Іскер, әрі білімді азаматтарды қашанда қолдауға дайынбыз дейді сала мамандары.

"Қазір ауылымызда 200 гектардан астам қарқынды бауымыз бар. Солардың бірі мына "Балкәусар" ЖШС. Бұл бауды соғатын кезде 25% шығынын мемлекет қолға алған. Бұл бау жалпы тамшылатып суғару әдісімен суғарылған",- дейді Ордабасы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Уәлихан Бөкейханов.

Ауданында одан өзге бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Әсіресе «Бір алқаптан екі өнім алу» және жаңа технологияны ендіру тәсілі бойынша 42 га жерге көкөніс, бақша және жүгері дақылдары егілді. Нәтижесінде диқандар бірінші кезеңнен 310 тонна өнім алған.

«Мес-ата» туристік кешені абаттандырылды
Бірнеше істі меңгерген кәсіпкер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу