Жас спортшылар жарап тұр

Oinet.kz 28-07-2022 187

Screenshot_7.png

Балалар жылына орай облыс орталығында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.  Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан шараның бірі – «Жазғы демалыс-2022» ашық алаң ойындары.  Шараның бірінші күнінде төрт команда футбол ойынынан жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Қатысушылар: 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдер.  Алғашқы ойында Бекзат мөлтек ауданының «Бекзат» командасы бірінші орынды иеленіп, Тұран командасы екінші орынға жайғасты, үшінші орынды Сауран секторының «Жалын» командасы иемденді.

 Түркістан қалалық" Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы" ұйымдастырған  шара ай соңына дейін жалғасады.  Келесі ойын Отырар мөлтек ауданының №11 – №16 көпқабатты тұрғын үйлері алаңдарында өтеді.  Іріктеу ойындарынан жеңімпаз атанған командалар "Спорт күнінде" бас жүлде үшін бақ сынасады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және балалар клубтарының қызметін жандандыруды тапсырған болатын. Бұл міндетті жүзеге асыруда өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы балаларға мемлекеттік бюджет есебінен спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған болатын.

«Teṅ qoḡam»-ның көмегі көп
Бизнеске қолдау көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу