«Хызыр» мұнарасы ашылды

Oinet.kz 22-05-2021 1277

Screenshot_1.png

Ислам халқы Хызыр бабаны ежелден қасиет тұтады. Ол туралы ел ішінде аңыз әңгімелер де көп. Ал Шымкент қаласында қасиетті тұлғаның өмірде болғанын айғақтайтын мұнара бар. Жақында киелі нысанға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, айналасы абаттандырылған болатын.   Бүгін сол жаңарған тарихи ескерткіш, яғни  «Хызыр» мұнарасының ашылуы өтті. Ислам мәдениетінен сыр шертетін нысан Сайрам тұрғын алабында орналасқан. 300 жылдық тарихы бар кешен діни орталық қызметінен бөлек, өз тарихымен туристердің ерекше қызығушылығын оятуда.

Шымкентті туристік орталыққа айналдыру мақсатында аталған нысандарды күтіп-баптаудың маңызы ерекше. Осы бағытта қалалық туризм басқармасының бастамасымен биылғы жылдың ақпан айында меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен мұнараның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Туризм басқармасы «Хызыр» мұнарасын зерделеп, реставрациялық жұмыстар жүргізу үшін тарихшы-археологтармен арнайы экскурсиялар ұйымдастыруды жоспарлауда. 

Айта кетейік, республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына Шымкент қаласынан 7 нысан енген. Соның бірі «Хызыр» мұнарасы. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы - 12 сәуір 2017 жылы жарыққа шыққан Елбасы Н.Ә. Назабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасауды көздейтін бағдарлама. Тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Аталмыш мұнараның жаңғыруы және оны болашақ ұрпаққа таныстыру, насихаттау жұмыстары  осы бағдарлама аясында жүзеге асырылды»,- дейді Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева.

Мұнараның биіктігі жер сілкінісі нәтижесінен 10,5 метрден, қазір 5,7 метрге жеткен.

Тарихи нысан Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны Пайғамбар құрметіне «Қызыр» мұнарасы деп атаған. Көзі ашық, көңілі ояу дін иелері Қызырды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген. Оның Хызыр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген. 


Мамырда қоныс той көп болады
Сот жүйесінде жаңа өзгерістер!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу