Қала әкімі 137-ші мектепті аралады

Oinet.kz 01-04-2021 837

Screenshot_9.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған жоба Шымкент қаласында да жүзеге асырылып келеді. Айталық қаладағы 137 орта мектепте «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» атты кітап көрмесі өтті. Оқушыларды кітап оқуға баулитын көрмені  қала әкімі Мұрат Әйтенов және Б. Нарымбетов бастаған қалалық мәслихат депутаттары тамашалап қайтты. 

Самал-3 шағын ауданында орналасқан білім ордасы 1200 орынға лайықталған. Құрылысы 2018 жылдың соңында басталған болатын. Бас мердігер - «Атамекен корпарациясы» ЖШС-ы. Білім ошағы арнайы ұлдар және қыздарға арналған шеберханамен, STEM кабинеті, спортзал, асханамен қамтылған. 

Қала әкімі сыныптарды аралап, сонымен бірге, шахмат ойнаушыларды тамашалап, спорт секцияларына да ат басын бұрды. 

- Балалардың денсаулығын нығайтуды, бұқаралық спортты дамытуды қолға алу қажет. Ол үшін оқушыларды спорт үйірмелеріне көптеп тарту маңызды. Заманауи мектептерде білім алған балалар біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Білім сапасымен қатар балалар қауіпсіздігі назардан тыс қалмасын, -деген шаһар басшысы аралау соңында мектептегі естелік кітапқа жазба қалдырды. 


Ассамблеяның диалог алаңында 80-нен астам ұсыныс айтылды
Бала тәрбиесі - қоғам тәрбиесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу