Түркістан облысы ет экспорттауда елімізде көш бастады

Oinet.kz 19-03-2021 516

fd0da53d-04c6-4065-84df-3723576b8fb3.jpg

Ірі қара мал етін экспортаудан Түркістан облысы Республикада 1 орында. Өткен жылдың қортындысымен  5,4 мың тонна ет экспорталып, республикадағы көрсеткіштің 74 пайызын құрады. Қой еті экспортының 38 пайызы(491,1 тн.), құс етінің 25 пайызы (2734,3 тн.) Түркістан облысына тиеселі. Жыл басынан бері екі айда 454,5 тонна сиыр еті, 84 тонна қой еті, 400 тонна құс еті экспортталды. Ауыл шаруашылығындағы басқа да жетістіктер Сарыағаш ауданында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен семинарда айтылды.

Бұдан бөлек, былтыр облыстан тірілей 39 мыңдай бас ірі қара, 18 мың бас қой, 664 бас жылқы экспортталса, 2021 жылдың 2 айының өзінде 20 мыңнан астам ірі қара мал, 18 мыңға жуық қой, 30 бас жылқы, 15 бас түйе экспортталды.

Үкімет тарапынан қабылданған «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы және осының аясында жүзеге асырылып жатқан салалық «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» несиелік бағдарламалары өңірде мал шаруашылығын дамытуға үлкен серпін беріп, мал басы мен өнімділік жылдық 6-7 пайызға өсім тұрақты қамтамасыз етілді. Нәтижесінде соңғы бес жылда мал шаруашылығының өсімі 1,7 есе ұлғайып, 303,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Бүгінгі күнде, облыста 1000 бастан жоғары 22 мал бордақылау алаңдары (сыйымдылығы 42,7 мың бас), 400-1000 бас аралығында 18 мал бордақылау алаңы (сыйымдылығы 8 мың бас), 50-400 бастық 82 шағын мал бордақылау алаңы (сыйымдылығы 9,8 мың бас) және 10-15 бастық 10265 отбасылық алаңша (сыйымдылығы 113,0 мың бас) жұмыс жасап жатыр. Аталған бордақылау алаңдарында 131 мың бас бұқашық бордақылануда.

Облыста мал шаруашылығы өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы жануарларын асылдандыруға мән берілген. Осы орайда, қолда бар ірі қара аналықтың 38 пайызы асыл тұқымды бұқамен түрлендіріліп, қатысу үлесі жөнінен республикада 2 орын болса, қойдың 73 пайызы асыл тұқымды қошқарлармен түрлендіріліп, республикада 1 орынға шықты.

Сонымен қатар, соңғы 3 жылда шет елдерден 20 мың бас асыл тұқымды аналық  ірі қара мал сатып алынды.


Түркістан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 млн. көшет отырғызылады
Түркістан облысында 11 мың адам өз еркімен вакцина салдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу