«TURKISTAN» шоколады еліміздің барлық өңірінде сұранысқа ие

Oinet.kz 10-03-2021 434

WhatsApp Image 2021-03-09 at 13.29.48.jpeg

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылғанына үш жылға таяған Түркістан облысы қарқынды даму жолына түсіп, облыс орталығы Түркістан қаласы еліміздің астанасы Нұр-Сұлтаннан кейінгі алып құрылыс алаңына айналғаны баршаға мәлім. Бүгінде көркейген өңірдің оң имиджі қалыптасып, алыс-жақын шетелге таныла бастады. Агроөнеркәсібі ілгерілеген өңір енді тәттісімен де таныла бастады. Төлеби ауданындағы «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде «Turkistan» атауымен арнайы брэндті шоколад өндірумен айналысуда.

Төлеби ауданындағы іргелі өндіріс орындарының бірі – «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылы құрылған. Негізінен балмұздақ өнімдері, тұшпара, шоколад және шоколад глазурін өндіреді. 2019 жылы шоколад цехы іске қосылып, жалпы 800 млн теңге инвестиция тартылған.

Сонымен қатар, өткен жылы балмұздақ өнімдерін арттыру мақсатында жаңа құрал-жабдықтар сатып алынған. Бүгінгі күні кәсіпорында 210 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық жалақысы 60-70 мың теңге аралығында. Цех толық қуатында жұмыс істегенде жылына 2 мың 950 тонна балмұздақ, 15 тонна тұшпара және 1000 тонна шоколад өндіре алады. Кәсіпорын өндіретін өнімдер еліміздің барлық өңіріне шығарылады.

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртаев кәсіпорынның жұмысымен танысу барысында жергілікті өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары аясында жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.


Түркістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді
Түркістанның көркеюіне аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар да жауапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу