Түркістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Oinet.kz 09-03-2021 389

WhatsApp Image 2021-03-09 at 12.50.59.jpeg

Биыл елімізде күш атасы атанған Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай 10-ға жуық жарыс ұйымдастырылмақ. Ал, Түркістан қаласында қазақ күресінен әлем кубогын өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исабаев айтты.

«Тúrkistan arena» стадионында жекпе-жек өнері қауымдастығының 1 жылдан астам уақытта жеткен жетістіктері талқыланған жиын өтті. Оған «Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы» және «Qazaq kuresi» ассоциациясының бас директоры Абат Имамбаев пен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Мұрат Мұқажанов бастаған спорт жанашырлары қатысты.

Басқосуда «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жылдық жоспары баяндалды.

– Ассоциация 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап өз жұмысын жүргізіп келеді. Қауымдастыққа кіретін 10 спорт федерациясында қазіргі таңда 115 жаттықтырушы қызмет атқарады. Биылғы бөлінген бюджеттік қаржыға қазіргі таңда спортшыларға арналған 100 дана спорттық киім-кешек дайындалуда. Жоспарға сай наурыз-сәуір айларында спортшыларға үлестіріледі деп көзделуде. Ол үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан бөлінген 15 млн. теңге қаржы жұмсалмақ,деді қауымдастық басшысы Дәурен Тәңірбергенов.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исабаев қазақ күресінің өңір көлемінде даму барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, облыс аумағындағы 7 облыстық, 6 қалалық және 17 аудандық спорт мекемелерінде қазақ күресі бөлімдері бар. Онда 143 жаттықтырушы 3500-ден астам спортшыға жүйелі оқу-жаттығу өткізеді.

Абат Түркістан саяхатшылардың сүйікті қаласына айналады
«TURKISTAN» шоколады еліміздің барлық өңірінде сұранысқа ие
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу