«Eni» компаниясы ең ірі инвестициясын Түркістан облысына салды

Oinet.kz 04-03-2021 411

156957273_475282267187607_7982397659148232572_n.jpg

Түркістан облысында Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылының маңында шетелдік алып компанияның инвестициясымен қуаттылығы 50 МВт күн электр стансасының құрылысы басталды. Салтанатты рәсімге Италиядан арнайы келген делегация мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысты. Бұл «Eni» халықаралық энергетикалық компаниясының еліміздегі күн энергетикасы секторындағы алғашқы ірі инвестициясы. Күн электр стансасының жалпы құны 12 млрд. теңгені құрайды.

– Энергияның баламалы түрлерін дамытуға, күн мен жел энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізу үшін барлық мүмкіндік бар. Осы орайда, электр энергиясы көздерін қайта жаңғырту – облыс экономикасының басым бағыттарының бірі. Түркістан облысында 320 МВт электр қуатының жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан, облыстағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін бүгінде, күн және су электр станцияларын салу бойынша 10 инвестициялық жоба іске асырылған, – деді облыс әкімінің орынбасары.

«Eni» халықаралық компаниясы жергілікті еншілес «Arm Wind» ЖШС арқылы салып жатқан электр стансасы 100 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда 100 мыңнан астам фотоэлектрлі панельдер, қосалқы станция мен ұзындығы 8 шақырым болатын әуе электр беру желісі салынатын болады. Еліміздегі күн энергетикасы саласындағы «Eni» тарапынан қолға алынған алғашқы ірі инвестициялық жобасы алғашқы электр энергиясын биылғы жылдың 4-тоқсанында береді. 2022 жылдың басында толық аяқталып, елдің энергетикалық секторын біртіндеп декарбонизациялауға, яғни көмірқышқыл газын азайтуға өз үлесін қосады. Күн электр стансасының ең бір тиімділігі – ауаны ластамайды, экологиялық тиімді.

Түркістан облысында «ArmWind» ЖШС, «Hevel Казахстан» ЖШС, «KZT Solar» ЖШС сияқты 9 ірі күн электр станциясы және 6 су электр станцияларының құрылысы жүргізілуде. Биыл Түркістан облысында 52 млрд. теңгеге 120 МВт күн сәулесінен энергия өндіретін станцияларды салу жоспарланған.


Түркістанда биыл туристік 20 жоба жүзеге асады
Түркістан облысында 30 млн тал егіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу