Түркістанда биыл туристік 20 жоба жүзеге асады
Түркістан облысында биыл туризмді дамытуға бағытталған 20 жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы инвесторлары Өңірлік кеңесінің онлайн отырысында айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған негізгі міндеттердің бірі – туризм саласын дамыту. Бұл бағытты дамыту бойынша өткен жылы туристік инфрақұрылымды жетілдіру үшін құны 11,7 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. 321 жұмыс орнын құрылды. Қазіргі уақытта Түркістанға туристік ағын 1,5 млн. адамды құрайды. Таяу жылдары өңірге келген саяхатшылар қатары 5 миллионға жетеді деп күтілуде.
Ең ірі жобалар – Rixos Turkistan және Hampton by Hilton қонақүйлері. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 120 млрд. теңгенің 1 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға бағытталған 20 жобаны іске қосу күтілуде. Олардың қатарында өңірдің ең ірі жобаларының бірі – «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешені бар. Сондай-ақ, алдағы екі жылда «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығын салу жоспарлануда.
Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі салаларына шетелдік инвестицияларды тартуға баса назар аударылды. Облыста химия, тамақ, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау белсенді дамуда. 2020 жылы өнеркәсіп саласында 7,5 млрд. теңге сомасына 21 жоба іске асырылып, 2 мың жұмыс орнын құрды. Соның ішінде шетелдің қатысуымен 500 млн. теңгеге жоба іске қосылды («Turkistan textile» ЖШС тігін фабрикасы).