Бақытты жан – бақытты отбасы

Oinet.kz 21-09-2023 269

Биылғы Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: "Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамдағы келеңсіз және өзекті мәселе болып тұр. Мұндай заңсыз әрекет жасағандар міндетті түрде заң аясында тиісті жазасын алуы керек.

Screenshot_20.jpg

Еліміздің болашағы отбасында қалыптасады. Ал, отбасы бақытты болса еліміздің келешегі де жарқын болады" деген болатын. Осыған орай, қоғамда отбасы институтын нығайту, шағын мемлекет құндылықтарын, дәстүрін сақтау қағидаларының үстемдік етуіне ықпал ету мақсатында Шымкент қаласы Ішкі саясат және Жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бақытты жан – бақытты отбасы» атты семинар өтті. 

Screenshot_21.jpg

Аталған семинарда жас отбасы мүшелері мен ата-аналар, балалар, ұстаздар мен БАҚ қызметкерлері, түрлі сала мамандары білімді заңгер мен психологтың кеңесін тыңдады. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық, әйелі мен күйеуінің қарым-қатынасы, бала тәрбиесі, әрбір отбасы мүшесінің құқығы сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Screenshot_22.jpg 

Өзін отбасында бақытты сезіне алмаған адам, өмірде де бақытты емес. Сондықтан, әрбір адам отбасы құндылықтарын сақтап, оның әрбір мүшесіне құрметпен қарап, мейірім-махаббатын көрсетіп жүрсе, бақытты жанұя болары сөзсіз. Аналар, әкелер, балалар бақытты болсын!

«Ұлы дала жорығы-2023» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды
Сауранда баспасөз туры ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу