«Ауыл - ел бесігі»: Келесте мектеп салынуда

Oinet.kz 31-05-2023 656

2.jpg

Түркістан облысы Келес ауданында жыл өткен сайын тозығы жеткен білім ошақтары жөндеуден өткізіліп, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Биыл аудандағы Біртілек ауылдық округіндегі №11 Жолбасшы және Қошқарата ауылдық округіндегі №28 Мақташы мектептерінде жөндеу жұмыстары қарқынды.

«Ауданда жалпы 65 мектеп болса, соның екеуі - жеке меншік білім беру ұйымы. Қалған мектептер - мемлекеттік. Жыл сайын бөлім тарапынан ғимараттарға зерделеу жұмыстарын жүргіземіз, жөндеуді қажет ететін мектептерге сұраныс береміз. Нәтижесінде биыл екі мектеп күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілсе, екі мектептің құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда әрі қарай жалғасып жатыр», - дейді Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев. 

Сонымен қатар, ауданда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Ошақты ауылдық округі, Ошақты елдімекеніндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысы жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елдімекеніндегі С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіне 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Қос мектепті жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарланған. 


Қазығұртта күн электр станциясы салынады
Дархан Сатыбалды: Жаңа форматта жұмыс істеуге көшу керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу