«Өзім туғандай мәз болып отырмын»: Ninety one тобындағы Alem әке атанды
91 тобының солисі Alem әке атанды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл қуанышты жаңалығын әншінің әйелі Вероника Жанғалова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Қолымыздан келді. Кеше ұлымыз дүниеге келді", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары мен топтың жанкүйерлері құттықтап, пікір қалдырған.
"Бауы берік болсын!", "Өзім туғандай мәз болып отырмын", "Құтты болсын!" "Анасы тез қалпына келсін", "Кеше ғана өзім кішкентай жанкүйер едім, бүгін Alem-нің әке атанғанын көріп жатырмын. Неткен бақыт десеңші. Бақытты болыңыздар! Иглз сіздер үшін қуанышты! Бауы берік болсын!" - деп жазған олар.