«Жүнісовадан ибалы нәзік әйел бейнесін көргісі келетін адам оңбай қателеседі» - Журналист

Oinet.kz 10-09-2024 668

Отандық ақын, журналист Ықылас Ожайұлы өзінің Facebook парақшасында жақында видео түсіріп көптің талқысына түскен Мақпал Жүнісова туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

Ақынның айтуынша Мақпал Жүнісова сынды өнерпаз басқа еш жерде жоқ. 

"Мақпал Жүнісовадан қайраткер, я ибалы нәзік әйел бейнесін көргісі келетін адам оңбай қателеседі. 

Ол бар болғаны кісі кейпіне ұласқан әннің өзі ғана. Оның түйеден түскендей сөйлей салатын, басы бар да аяғы жоқ орашолақ ойы – ескен желдей ерке әншінің ақжелең көңілі мен ішкі табиғатының нышаны. 

Мақпал – ішкі еркіндік пен сана бостандығына шын көтерілген адам. Оның тік шапшыған байтақ дауысы мен әр нотаны сорғалатқан нәзік дірілі сопының хал ішіндегі бейне бір дәргейі дерсің. 

Мақпал сыйлайтын рухани ләззат мінәжат пен катарсиске пар.  Әнді мәтіндік  әм ноталық шеңберден шығарып,  мантра мен экстаз деңгейіне дейін жеткізген мұндай өнерпазды бұрын-соңды еш жерден естіген емеспін. Сол үшін де Мақпалды қазаққа бере салған Құдайға мың мадағымды жаудырамын", - деп жазды ол. 

«Алқаш дейсіңдер»: Мақпал Жүнісова тағы да видео түсіріп, елдің талқысына түсті (ВИДЕО)
«Мақпалды ақтамаңдар»: Бейбіт Сарыбай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу