«Айналайын, Димаш, ұры, алаяқтармен байланыспа»: Журналист Димашқа ескерту жасады

Oinet.kz 12-07-2024 550

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әскери көлік өндіретін зауытқа барған Димаш Құдайбергенге байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Медиа маманы Facebook парақшасында жазба жариялап, халық әртісіне сауал жолдады. 

“Оқырмандарым Димаш Құдайбергеннің Барысовтың зауытында жүрген видеосын жіберді. Украинада болған әскери техниканың зауыты Димашқа не үшін қажет екенін білмедім. Сол үшін Барысов оған үлкен көлемде ақша төлеген бе?! Айналайын, Димаш! Ұры, алаяқтармен байланысып, өзіңнің осы ақ костюміңдей атыңа кір келтірме. Сені Саясат Нұрбек ғылым мен “Болашақты” жарнамалау үшін пайдаланды. Болашақ бойынша сені пайдаланды. Мен сынағаннан кейін ақылың мен батылың жетіп сен одан бас тарттың. Сенің аузыңнан шыққан сөздің бәрін халық қабылдайды. Өйткені саған сенеді. Бірақ саған айналаңда жүрген адамдарды жақсылап таңдау керек”, – деп жазды журналист. 

Журналистің айтуынша, зауыт иесі мемлекетке борышкер кәсіпкерлердің бірі екен. 

“Барысов мемлекеттен 4,7 млрд теңге алып, жұмыс техникасын жеткізбей, жауынгерлік модульдерді ауыстырғанын жасыруға тырысқан. Кейін ақаулы техниканы өткізу үшін мемлекеттік органдармен соттасып, ұтылып қалған. Сот одан мемлекетке тиесілі қаржыны қайтаруын талап еткен. Алайда журналистің айтуынша, бір жылдан астам уақыт өтсе де, ол халықтық ақшаны мемлекетке қайтармапты. Керісінше, ақшаны зауыттың PR жұмысына жұмсап жүргенге ұқсайды. Димаш, алаяқтар мен байсымақтар сіздің тырнағыңызға да татымайды. Ұры, алаяқтармен байланысып, таза атыңызды ластамаңыз. Бізді жаңа әндеріңізбен, керемет дауысыңызбен және шығармашылық концерттеріңізбен қуантыңыз. Сіз Жұлдызсыз! Лас шаңға түспеңіз", – деп ескертті желі қолданушысы. 

«Жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова шетелге не үшін кеткенін түсіндірді
«Мамасының етегінен шыға алмай»: Заңгер Айдарбекованың баласын жоқтаған әрекетін «надандық» дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу