«Маған тиісе бермесін»: Төреғали Төреәлі Ішкі істер министріне ескерту жасады

Oinet.kz 24-06-2024 799

Танымал әнші Төреғали Төреәлі “Қазақстан полициясы күні" мерекесімен құтықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Ол тәртіп сақшыларына арналған су жаңа әнінің тұсауын кесіп, көрерменге ұсынды. 

“Құрметті, ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер!

Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!”, – деп жазды өнер иесі. 

Сонымен қатар мерекеге орай ұйымдастырылған кеште эстрада жұлдызы өнер көрсетіп, үндеу жасады. Өйткені жиынға Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те қатысқан еді.

“Мені танып тұрсыздар ма? Мен де сіздерді жақсы көріп, біліп тұрмын. Құрметті Ержан аға, сізбен осындай керемет жерде көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Маған тиісе бермесін, мына кісілерге айтып қойсаңыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!” – деп әзілдеді әнші. 

«Әулие болғанды доғарыңыздаршы»: KeshYOU-дің менеджері қыздарына араша түсті
«Мақпалдың орнында басқа әйел болса, Зәкеңнің үйін сатар еді» - Қалдыбек Құрманәлі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу