«Аяғым жұлынып аспанға ұшқанда да оны тонмен жауып, көрсетпегенмін» - Тамара Асар

Oinet.kz 31-08-2021

Танымал әнші Тамара Асар басынан өткен ауыр кезеңді есіне алып, өз жан сырын ақтарды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Тамара Асар.jpg

- @sul.gulmira71 деген кісі дирекке менің өткен өмірімдегі, балғын кездегі тағдырдан көрген қиындықтарды әшкерлеп,өтірік қосып жазыпты.

Ешкім тағдырын таңдамайды. Тағдыр жазылады. Жаратқанға жалбарына отырып, оның амалдарын өзің реттейсің. Ыңғайланасың. Өзіңмен өзің күресесің. Айла-амалына бейімделесің. Еңбектенесің!!!

Иә, @sul.gulmira71 жол апатына түскенім рас!!! Ауыр жарақаттар алғаным да рас!!! Мүгедек арбада отырғаным да рас!!! Балдаққа сүйенгенім де рас!!!

Бірақ “АРБАДА ОТЫРЫП, Қаражанбасмұнайға демеуші іздеп бардың” деуіңіз үкен ӨТІРІК!!!

Мені Алла Намысшыл,өр,аршыл, кінәмшіл, еңбекқор етіп жаратыпты.

Аяғым жұлынып аспанға ұшқанда да оны тонмен жауып, адам баласының көзіне көрсетпегенмін. Арбамен, балдақпен мекеменің офисіне бармақ түгілі, бір досымның көзіне де көрінбегенмін. Арбада отырғанда үйден шықпай отырып, бірен-саран бала оқытқанмын. Ал аяғымды басқан күннен бастап, өзі ауыр, өзі томардай жуан протезді, екі түрлі размердегі аяқ киімді әдемі ұзыыыын юбканың астына жасырып, жарақаттың қаны сорғалап тұрса да, ән шырқап, сахнаға шыққанмын. Қаражанбас, Қаламқас, Өзенмұнайгаз,Жетібай басшылары мен мұнайшылары менің сол кездегі басты көреремендерім, олар мені мүгедектік арбада ешқашан көрген емес. Мен олардың есінде мәңгі өзім тіккен әдемі көйлекпен талдырмаш мүсінмен, әдеби сөзіммен,әсем әуенмен ән шырқаған күйімде жиырма бір жастағы Тамара болып қалдым деп ойлаймын. Себебі мен сондай образды таңдадым,олар қабылдады.

Сондықтан жерлесім Гүлмира ханым “Өтірікші өлгенді куә етеді” дегендей, мен жайындағы фантазияңызбен қарапайым халықты менсінбейсіз деген жала сөзіңіз, сіздей ұл өсірген,елуді еңсерген әйелге жараспайды… оқығанда шамайыма тиіп кетті,көзіме жас келді.

P.S. Қандай қиын заман туса да ешқашан мүсәпірсіп, қайыр сұрап, мүгедектікті мүсе тұтып ешкімнің есігін қаққан емеспін. Осы күнге дейін айналамдағы бір досым, “басым ауырды,балтырым сыздады” деген сөзді менің аузымнан естіген емес,көрген емес!!! Қазіргі таңдағы белең алған “қайыршылық сана мен құрбандық (жертва) рольден арылтатын мен білетін жол- ЕҢБЕК,НАМЫС, Әдемілікее ТАЛПЫНЫС!!! Бөрі арығын білдірмей, екі аяқты сұлу етіп, теңестіру жолындағы сіңірген еңбегім шаш етектен!!! Шүкір… Өмірге өкпесі көп адам шығар, ренжімеңіз, оған бола көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Ит үреді, керуен көшеді. Алла Сізге ұзақ ғұмыр берсін! - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

«Жақында ақ-қарасын дәлелдейміз» - Тұрсынбектің жары
Апасына сәлем салған бүлдіршін елді күлкіге қарық қылды (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×