Карантин кезінде теңін тапқан жұлдыздар

Oinet.kz 21-05-2020 9113

Ұзақ уақытқа созылған карантин уақытында отандық эстрада жұлдызарының біразы отау құрып, тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Oinet.kz.   Олар өмірлерінде орын алған жағымды жаңалықтарымен Instagram парақшасы арқылы жарыса бөлісіп жатты.  Ендеше өмірден өз орнын тапқан әншілердің қатарына тоқталып өтсек.

image.png

Танымал әнші Алтынай Жорабаева арғындар еліне келін болса, Мөлдір Әуелбекова Рамазан айында екінші мәрте орамалды болғанын күллі қазақ жұршылығына сүйіншілеп жеткізді. Ал, әнші Кентал 20 жастағы келіншегін ел алдына көрсетіп, Алла алдында ақ некесін қидыртқанын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы уақытта қазақтың ерке қызы Ерке Есмахан да жақын уақытта тұрмысқа шығатын сыңай білдірді. Өзінің сүйіктісін жасырып жүргенімен жүрегінe жол тапқан жанның бар екенін жасырмады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған болатын. 

- Жүректе тыныштық. Аллаға шүкір, мен бақыттымын! - деген болатын әнші. 

Ендеше карантин уақытында өз теңін тапқан эстрада жұлдыздарына отбасылық бақыт тілейміз!

Әнші Алтынай Жорабаева тұрмысқа шықты
Алтынай Жорабаева тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу