Адам мас күйінде жан тапсырса...
Ажал - өлімнің келуі. Ахирет пенденің баршасының басына келетін құбылыс. Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ” кәлимасын айту үшін қасында шәһада кәлимасын (куәлік сөзі) қайталап тұру – мұстахаб. Себебi, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ибн Омар Әбу Хафс (р.а.) риуаят еткен хадис шаріпiнде: «Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ” кәлимасын айтып тұрыңдар. Өйткенi, өлiм халiндегi мұсылман «Лә иләһә иллаллаһ” десе тозақтан босатылатынына шүбә жоқ, - деген.
Бір өкініштісі, кәлимаға тілі келмей, нәпсісін жеңе алмаған күйі о дүниелік болатын пенденің арғы өмірі қандай болады екен дерсіз?
Бес күн жалғанда сайтан сумен дос болып, өмірінің мәнін жоғалтып алған адамдар аз емес. Осы тұрғы да, егер, адам мас күйінде жан тапсырса не болады деген сұрақ туындайды?
Пайғамбар (с.ғ.с) айтады:
«Егер, адам мас күйінде жан тапсыратын болса, ахиретте мас халінде тіріледі.
Оны тозаққа лақтырады. Оған ең сасық сулар ішкізеді. Завхом деген ең сасық тау бар. Соның суын ішкізеді. Оны ішпек түгілі, иісінің өзі адамды шірітіп жібереді»,- деген екен.