Жаңа басшыларға жауапкершілік жүктелді

Oinet.kz 20-05-2026

Түркістан облысында үш медициналық ұйымның басшылары ауысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасынның баспасөз қызметі хабарлады.

 стамкулов.jpg

Стамқұлов – Түркістан қалалық емханасының басшысы

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен Түркістан қалалық емханасының басшысы лауазымына Бахыт Стамқұлов тағайындалды. Жаңа басшыны емхана ұжымына басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев ресми түрде таныстырды.

Бахыт Еркінұлы 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Түркістан қалалық орталық ересектер емханасында аймақтық дәрігер-терапевт болып бастаған. 2008-2010 жылдары Түркістан психоневрологиялық интернатында қосалқы дәрігер-терапевт және бөлім меңгерушісі, 2010-2017 жылдары Түркістан қалалық емханасында аймақтық дәрігер-терапевт және ересектер бөлімінің меңгерушісі, 2017-2022 жылдары Түркістан қалалық орталық ауруханасында басшының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, 2022 жылдан бүгінге дейін Сауран аудандық емханасының басшысы қызметтерін атқарған.

Кәсіби қызметі барысында бірқатар марапаттар мен алғыс хаттарға ие болған. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған «Түркістан қаласының құрметті азаматы».

мырзабеков.jpg 

Мырзабеков Кентауға оралды

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен Кентау қалалық емханасының басшысы лауазымына Ғани Мырзабеков тағайындалды. Жаңа басшысы емхана ұжымына басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев таныстырып, еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесін атап айтып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ғани Бахтиярұлы 2001-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған. Сонымен қатар, 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленген. 2021 жылы Орталық Азия инновациялық университетінде «Экономика ғылымдарының магистрі» дәрежесі бойынша білімін жетілдірген. Сондай-ақ, 2025 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 7М04103 «ЕМИА» білім беру бағдарламасы бойынша Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған. Кейін аталған мекемеде дәрігер қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары Жамбыл облысындағы №11971 әскери бөлімінің медициналық пунктінде дәрігер болды.

2011-2012 жылдары Сарыағаш ауданындағы «Абай» аудандық ауруханасында дәрігер-сарапшы қызметін атқарса, 2012-2020 жылдары аталған мекемеде басшының орынбасары лауазымында еңбек етті. 2020-2022 жылдары «Medina» ЖШС-нің бас дәрігері болды.

2022-2025 жылдары Кентау қалалық емханасының басшысы, 2025 жылдан бүгінге дейін Түркістан қалалық емханасы басшы қызметін атқарды.

Ғани Бахтиярұлы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша бірінші біліктілік санатына, сондай-ақ анестезиология және реаниматология мамандығы бойынша екінші біліктілік санатына ие. Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл.

 сауран.jpg

Сауран аудандық емханасын Абдиев басқарады

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен Сауран аудандық емханасының басшысы лауазымына Сапарали Абдиев тағайындалды. Жаңа басшыны емхана ұжымына басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Сапарали Адамбекұлы 2015 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылы аталған оқу орнында EMBA «Денсаулық сақтаудағы бизнесті басқару/әкімшілендіру» бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген.

Еңбек жолын 2015 жылы №5 Алматы қалалық емханасында жалпы тәжірибелі дәрігер ретінде бастаған. 2016-2019 жылдары Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы» мамандығы бойынша резидентурада білім алған.

2019 жылдан бастап Түркістан қалалық орталық ауруханасында уролог дәрігері болып қызмет атқарған. Кейін осы мекемеде ота бөлімшесінің меңгерушісі, басшының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2025 жылдың қазан айынан бастап басшының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет етті. Денсаулық сақтау саласында клиникалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық бағыттарда тәжірибе жинақтаған маман.


Алақандағы өмір...
Жасанды интелект жұмысымызды жеңілдетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу