Күрделі ота жасап, емдеп оңалтатын аурухана

Oinet.kz 06-06-2026

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасы Ұлттық акридиттеудің қорытындысы бойынша бірінші санатты иеленген. Бұл – сапа мен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Аурухана ұлттық жоба аясында 2022 жылы қайта күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. 285 төсек орны бар ауруханада балалар мен ересектерге тәулік бойы мамандандырылған стационарлық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, стационар алмастырушы бағытта 100 төсек орынды күндізгі стационар қызметі қарастырылған.

Аупуханананың неврология бөлімі жүйке жүйесімен ауыратын науқастарға жоғары деңгейлі медициналық көмек көрсетеді.

– Неврлогия бөлімі 30 төсек орынға және инсульт орталығы 10 төсек орынға арналған. Аутоиммунды науқастарымыз да бар. Оның ішінде рассейнді склероз және оптикомиелиттіктік науқастарымыз, элилепсиялық ауыр жағдайда түсіп жататын науқастарымыз бар. Бәрін мұқият жетік меңгеріп, диагностикалап, емдеу тактикасын нақтылап емдейміз. Сонымен қатар, биылдан бастап, емшараларын аясын кеңейтіп жатырмыз, – дейді неврология бөлімінің меңгерушісі Айбек Додай.

Бөлім неврологиялық, нейрохирургиялық және инсульттік профиль бойынша қызметтер көрсетеді. 2024 жылы ангиография аппараты қолданысқа берілді. 2025 жылдан бастап Темірлан ауылында ми тамырларының селективті ангиографиясы операциясы, бас және мойын тамырларының бітелуін эндовоскулярлық жолмен жою операциялары жасалуда.

ордабасы.jpg

Аурухананың оңалту бөлімінің жұмысы науқастардың денсаулығын қалпына келтіру және өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Мұнда әр пациентке жеке мамандардың бақылауында заманауи әдістермен толық оңалту шаралары жүргізіледі.

– Бөлімде 1 реабилитолог дәрігер, 1 эрготерапевт логопед, 2 емдік денешынықтыру нұсқаушысы, 4 мейіргер және 5 кіші буын қызметкері жұмыс істейді. Емдік денешынықтыру нұсқаушыларымыз жұмыс істеп жүріп те үнемі ізденіп, біліктіліктерін арттыруда. Біздің бөлімде инсульт, жарақат және кардиологиялық сырқаттары емдерінен кейінгі пациенттер емделеді. Мұнда екінші, үшінші кезеңде оңалту шаралары жүргізіледі, – дейді оңалту бөлімінің меңгерушісі Мәдина Қарабаева.

ордабасы-1.jpg

Бөлімде науқастардың қалпына келуге көмектесетін заманауи механотерапия аппараты, көпфункционалды минивелосипед, паралельді перилер, вертикализатор, басқа да құрылғылар қолданылады. Емдік денешынықтыру, кинезиотерапия, эрготерапия, механотерапия, кәсіби массаж және логопедиялық қызметтер көрсетіледі.

ордабасы-5.jpg

– Терапия бөлімінде 5 дәрігер – 3 терапевт, 1 эндокринолог, 1 пульманолог жұмыс істейміз. 2024 жылдан бастап бізде қосымша тері арқылы корононарлық араласу орталығы ашылды. Ол орталықта жылдан жылға емделушілер көбеюде. Ордабасы ауданынан басқа көршілес Арыс қаласы мен Бәйдібек ауданының да жүректің ишемиялық ауруларына алғашқы дәрігерлік көмектер көрсетіп, тиісті емшараларын жүргіземіз, – дейді терапия бөлімінің меңгерушісі Абихан Мырзабаев.

Аурухананың терапиялық стационары жалпы 47 төсек орынға арналған. Жүрек-қантамыр аурулары бойынша қосымша 7 төсек бар. 2025 жылдан бері ауруханада 318 коронароангиография жасалды. Оның 55-і жоспарлы, 263-і шұғыл жүргізілді. Осы науқастардың 104-іне стент орнатылып, 6 пациентке ангиопластика, 24 науқасқа тромбализистік терапия қолданылды.

– Жұқпалы аурулар бөлімі 40 төсек орынға арналған. 20 төсегі ересектерге, 20-сы балаларға лайықталған. Бөлім 32 бокс палатадан тұрады, бәрі оттегі нүктесімен қамтылған. 1 бөлім меңгерушісі, 2 дәрігер, 11 мейіргер тұрақты түрде қызмет етеді. Бөлім екіге бөлінген. Бір бөлігіне ішек инфекцияларымен ауыратындар, екінші бөлігіне ауа-тамшылы инфекцияларына шалдыққандар орналастырылады, – дейді жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Айтолқын Ержанова.

Жұқпалы аурулар бөлімі аурухананың бас ғимаратынан бөлек жеке, заманауи типтегі нысанда орналасқан. Бөлім жұмыстары жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында оқшаулау қағидаттарын сақтай отырып санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес ұйымдастырылған. Осы бағытта бөлімде реанимациялық көмек көрсетуге арналған бір бокс палата барлық қажетті заманауи арнайы құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Физиотерапия бөлімінің жұмысы науқастарды физикалық қалпына келтіруге, денсаулықты нығайтуға және функционалдық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған. Физиотерапия, электротерапия, ультрадыбыстық терапия, лазерлік терапия, механотерапия, массаж, жарық терапиясы, кинезиотерапия, қозғалыс жаттығулары қызмет түрлерінде көмек көрсетіледі. Бұл құрал-жабдықтармен массаж пациентті қалпына келтіруді жылдамдатып, ауырсынуды азайтуға және дененің функционалды мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік береді.

ордабасы-7.jpg

Халықаралық сыртқы сараптама сертификациясынан өткен зертхана бөлімі дәрігерлерге нақты диагнозды анықтау үшін науқастарға дәл және сенімді талдаулар жүргізуге арналған. Мұнда зерттеу жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп, науқастарға қажетті нәтижелер жедел дайындалады.

– Зертхана бөлімінде гематологиялық, жалпы клиникалық, биохимиялық, микробиологиялық, иммунологиялық, ПЦР әдісі, барлық анализ түрлері жасалады, – дейді зертхана бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Жаңабаева.

Асыл ДОС

 

 


Көпбейінді аурухана көрші аудандарға да қызмет көрсетеді
Түркістанда жергілікті кәсіпкерлер медициналық туризм орталығын салмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу