6 айда 60 мыңға жуық азаматқа дәрігерлік көмек көрсетілді

Oinet.kz 20-07-2026

20.07.jpg

Түркістан облысында дағдарыс санатындағы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындарды тегін медициналық көмекпен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен өңірдің денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және атқарылған жұмыстар кеңінен талқылан мәжілісте айтылды.

20.07.26.jpg

Жиында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев салада атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, вакцинация мәселесіне тоқталды. Өңірде вакцинация жұмыстары жоспарлы және жедел екпе түрлері бойынша жүргізіледі. Жоспарлы екпелер 11 инфекциялық аурудың алдын алуға бағытталған. Атап айтқанда, туберкулез, «А» және «В» вирусты гепатиттері, гемофильді инфекция, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, полиомиелит және адам папилломасы вирусына қарсы егіледі. Барлық екпе тұрғындарға тіркелген емханаларында тегін жүргізіледі.

Облыста дағдарыс санатындағы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындарды тегін медициналық көмекпен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Оларға медициналық көмектің қолжетімділігін түсіндіру жұмыстары тұрақты бақылауда. Осы мақсатта арнайы жұмысшы топ құрылды. Нәтижесінде маусым-шілде айларында медициналық ұйымға көмек алу мақсатында мемлекеттік ұйымдарға 28 мың 719 азамат, ал жекеменшік ұйымдарға 6086 азамат жүгінді. Яғни, жыл басынан бері өңір көлемінде 58 мың 244 азамат медициналық ұйымдардың қызметіне жүгінген.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров медицина саласына бөлінген қаржыны талан-таражға салмай, өз мақсатында жұмсау, сол арқылы тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек ұсыну, саладағы кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауда болады.


Көкаланың алдын алу тұрақты жүргізіледі
Заманауи медициналық орталық Жетісайда ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу