Шектен тыс қуану - жүрекке зиян

Oinet.kz 01-08-2019 1592

Screenshot_37.jpg

Көңіл күй белсенділігі адам өмірін ұзартады, әрі ағзаның ауруға қарсы тұруын күшейтеді. Соңғы кездері ғалымдар денсаулық пен көңіл күйдің арасында байланыс болатындығын растады. Олардың зерттеуінше егер адам жыл бойы жабығып, торығып жүретін болса, онда қан құрамындағы холестерин мөлшері артады және адам ағзасының ауырсыну көлемі ұлғаяды. Адам өзінде бардың барлығына разы болса, мысалы жанашыр жұбайының болғанына, белгілі табысқа жеткендігіне, тіпті өзінің тірі жүргендігі сынды болмыстың өзінде де разылық сезіммен қарай қарай алатын болса, мұндай көңіл күй сезімі ағзаның иммунитеттік қарсылық күшін арттырып, қан қысымын төмендетіп, тұтас ағзаның қалпына келу қарқынын жоғарлатады. 

Көптеген адамдардың өмірінде мынандай өзгерістер болған: қайғырып, жабыққан сәттерде, басы, асқазаны, ауырып, ұйқысы қашып, қан қысымының жоғарылауы сияқты симптомдары байқалған. Жақында АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің зерттеуші ғалымдары мынаны байқаған: егер адам жыл бойы күйзеліп, жабығып, басылып жүрген жағдайда адамның қанындағы глюкоза мен холестеринның көлемі артып, қант диабеті ауруы мен жүрек ауруының қатері артады. Артериялық қысымның жоғарылауы жүрек –қан тамыр ауруларына душар етеді. 

Қытай дәстүрлі шипагерлігі, әр түрлі сезім түйсіктер мен көңіл күйлердің ішкі ағзалармен арасында мынадай қатынас болады деп қарайды. 

Өкпе қайғы мен уайымды өзіне алады, шектен тыс қайғыру мен уайымдау өкпені зақымдайды. 

Жүрек қуанғанда қатты жұмыс жасайды. Шектен тыс шаттану , жүрекке зақым келтіреді. 

Бауыр ашу ызаны меңгереді. Шектен тыс ашулану бауырға зиян келтіреді. Адам қатты ашуланғанда оң немесе сол жақ қабырғалардың астында ауырғандай сезім болады, бұл ашуланудың бауырды залалдағанының белгісі. 

Көкбауыр ой-соқтылықты меңгереді, шектен тыс ойланып торығу көкбауырды зақымдайды. Тұрмыс ауыртпалығы зор, жұмысы қарбалас адамдарды ылғи шаршау, күйзелу белгілері байқалады. Қытай дәстүрлі шипагерлігі тұрғысынан түсіндіргенде, бұл көкбауырдың тек өзін емес, қайта ол уәкілдік еткен адам тәннің ас қорыту сіңіру, қан жасау, қуатын айтып отыр жоғарыда айтылғандай жүрек жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің қуатына, өкпе дене сұйықтығын теңеу мен тыныстың қуатқа, бауыр бүкіл дененің зат алмасу қуатын, бүйрек эндокринологиялық қуатына басшылық етеді. 

Көкбауыр әлсіздігі ой-соқтықтың уайымшылдықтың салдары. Үрейлену қорқу бүйрекке өз әсерін көрсетеді. Адам қатты үрейленгенде, бүйректің физиологиялық рөліне ықпал жасайды. 

Осы себепті адам күнделікті күн тәртібін сақтап, дұрыс тамақтанып, көңіл күйді жақсартып, өмірге жақсы көзқараспен қарау керек. 

Нұрсұлу Мустафаева, 

Шымкент қалалық №5 емхананың дәрігері 

2016 ж

«Жердегі періштелер» – «Айдың балалары»
Мысық асыраудың қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу