Туберкулез қалай жұғады?

Oinet.kz 14-12-2019 2932

Туберкулез әртүрлі ағзаларды зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, ағзаның улануымен, клиникалық көрінулер полиморфизмімен сиппаталатын, толқын тәрізді созылмалы дерт. Тырнақ пен шаштан басқа адам ағзасының барлық органдарын, ұлпаларын зақымдайды. 

Screenshot_3.jpg

Негізгі белгілері: 

- 2 апта бойына жөтелу;

- тәбеттің жоғалуы;

- арықтау, түнде терлеу;

- температураның жоғарылауы;

- жалпы әлсіздік; 

- қажып шаршау;

- кеуде клеткасының шаншуы;

- қан түкіру.

Жұғу жолдары: 

- туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас, оның қақырығы; 

- адамнан адамға жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде ауа тамшылары арқылы таралады. 

- Еденге немесе жерге түскен қақырық шаңмен араласады да тыныс алғанда ауа арқылы дені сау адамға бактерия жұғады. 

Назар аударыңыз!

Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас емделмесе, жылына орта есеппен 10-15 адамға дерт жұқтыру мүмкін. Дегенмен, инфекция жұқтырғандардың бәрі бірдей туберкулезбен ауырмайды. Атап айтқанда иммундық жүйе нашарласа, адамның туберукулезбен ауыру ықтималдылығы жоғарылайды. Туберкулез бактериялары сыртқы ортада үлкен төзімділікпен ерекшеленеді. Сонымен қатар, олар жоғары температураға өте сезімтал. КОХ таяқшаларына хлорды белсенді бөлетін заттар өте қатты әсер етеді. Сондықтан дезинфекция үшін жиі хлорамин, хлор извесі қолданылады.

Құрамында туберкулез таяқшалары бар шикі сүт қолданғанда, сондай-ақ ауру жануарларды күтіп баққанда адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Егер туберкулезбен ауыратын адам екі апта ішінде қажетті емдеулерден өтсе, одан ауру жұғу екіталай. Туберкулез науқас адам ұстаған заттар арқылы жұқпайды.

Қосымша әсер ететін факторлар:

Туберкулезге шалдыққан кезде бұл маңызды дерттің дамуына және оның ауыр өтуіне ықпал ететін бірқатар факторлар бар: 

- әлеуметтік-тұрмыстық орта; 

- құнарлы тамақтанбау;

- психологиялық күйзелістер;

- қосарлана дамыған дерттер (қант диабеті, ойық жара ауруы, өкпенің созылмалы спецификалық емес дерттер, АИТВ/ЖИТС);

- зиянды әдеттер (алькоголь, темекі шегушілік, есірткілер);

Туберкулездің алдын алу шаралары:

- Салауатты өмір салтын ұстану: құнарлы тамақтану (тамаққа етті, сүт өнімдерін, балық,  дәнді дақылдарды, көкөністермен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану); 

- Жүйелі түрде белсенді дене шынықтырумен айналысу, уақытылы демалу, салауатты қоршаған орта; 

- Темекі шегу, алкогольді сусындардан, есірткіден бас тарту;

Аурудың алғаш белгілері біліне бастағанда дәрігерге дер кезінде қаралу керек. Сәби туылған кезде, міндетті түрде, БЦЖ вакцинациялау (егілу) және 6-7 жаста ревакцинациялау. БЦЖ иммунитетті қолдайды және ағзаның қорғаныш реакциасын күшейтеді. Туберкулездің таралмауының маңызды жағдайларының бірі – бөлменің ауасын тазартып тұру. 

Жыл сайын  флюорографиялық тексеруден өту қажет! 

Туберкулез неғұрлым ерте анықталса, емдеу нәтижесі де соғұрлым сәтті болады.

Ақерке Шахаманова, 

ОҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері

Сәбиді аз емізу қатерлі ісікке соқтырады
Саумал мен қымыздың пайдасы мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу