Ораза - барлық дертке ем
Халқымыз «Ауру – астан...» деп тектен-тек айтпаса керек. Дұрыс тамақтанбаудың, немесе мөлшерінен көп тамақтанудың және талғамсыз тамақтанудың салдары үлкен дертке айналады. Қазіргі таңдағы, әлем тұрғындарының 30-35 пайызы семіздікпен ауырады. Осымен қатар, қазіргі таңда адамзат баласы арасында асқазан, ішек, жүрек тамырлары, қант диабеті сияқты аурулар да кеңінен етек жайған. Дерттің туындауының 80 пайызы осы тамақтанудың төңірегінде болса, 40 пайызы тікелей дұрыс тамақтанбаудың немесе пайдасыз нәрселермен тамақтанудың салдарынан болады екен. Шыны керек, қазіргі таңда батыстық үлгідегі тамақтану үрдісі кең етек жайып келеді. Мысалы, түрегеп тұрып яки жүріп бара жатып тез, жеңіл дайындалған, ішінде калориясы мен холестерині көп фастфуд, гамбургер сияқтыларды тұтыну әдетке айналуда. Химиялық қоспалармен көмкерілген газды сусындарды көп пайдаланудың арқасында тез салмақ қосу, ас қорыту жүйелері дұрыс істемеуі жоғарыдағы ауруларға әкеп соғуда.»Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде» деген дана халқымыз.
Осы тұрғыда Ораза ұстау үлкен сауап қана емес, сонымен қатар адам денсаулығына пайдасы орасан зор екені медициналық тұрғыда да дәлелденген.Біле білгенге ораза – адамға тамақ жеу, тыныс алу, ұйқы, іс-қимыл сияқты адам ағзасына өмірлік маңызы бар құбылыстардың бірі болып табылады. Егер адам ұзақ мерзімге ұйқыдан не тамақ жеуден тыйылса денсаулығына зақым келіп, дертке шалдығатыны секілді, адам баласы ораза ұстамаса да ағзаларына зиян келетіні анықталып отыр. Ораза ұстау мына ауруларға ем: жасушалар жаңарып, ескілері жойылады, қант ауруына тосқауыл болады, артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді, тері ауруларына пайдалы, тұз байлану аруына пайдалы, қан қоюлануының алдын алады, ағзаларды улы заттардан тазартады, ас қорыту жүйесі дем алады, жағымсыз тәуелділіктерден арылтады, қан қысымын түсіріп, бас ауруының жазылуына пайдалы
Раббымыз бір құлшылықтың өзінде бізге қаншама пайдалы қаншама сый берген екен. Сол үшін де ораза нығметін дұрыс пайдаланайық.
Ерболат Тұрысбеков,
Төлеби аудандық емханасының медициналық қызметкері