Қарбыз дәнінің пайдасы қандай?

Картинки по запросу арбуз

Қарбыздың пайдасы, қарбыз шырынының пайдасының маңызды, пайдалы екенін бәріміз білеміз. Ал осы қарбыздың титімдей ғана дәнінің де бірталай пайдасы жөнінен хабарыңыз бар ма?

Қарбыз дәнін майдалап шәй етіп ішуге де болады, сүтке салып ішуге де болады. Ол да бір дәрумен есептеледі.

Қарбыздың дәндері, қабығы мен шырынды бөлігі дәрілік мақсатта қолданылады. Шырыны жаздың күні шөл басу үшін де пайдаланылады. Тәтті бөлігі мен шырыны несеп жүргізуге көмектеседі.

Қарбыз дәні адамдарды зиянды паразиттерден құтқарады. Ол үшін оны жылы сүтке салып, араластырып бір апта таңертең және кешке ішу керек. Дәннің құрамындағы цитруллин антиоксидант секілді қызмет етеді. Себебі қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Ғалымдардың айтуынша, қарбыз дәні бүйрекке де өте пайдалы. Сонымен қатар есте сақтау қабілетін де арттырады. Дәнде А, В, С дәрумендері, темір, магний, марганец, кальций және тағы басқа элементтер бар. Қарбыз дәнінен шай дайындаудың жолы: 4 ас қасық ұнтақталған қарбыз дәнін алып, үстіне 2 литр су құйып, 15 минут қайнатыңыз. Сол шайды екі күн ішіп, екі аптадан соң қайталауыңызға болады. Алайда бір ескеретін жайт, қарбыз тап-таза болу керек. Сондықтан өз аулаңызда өсіргеніңіз дұрыс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала асырап алу үшін не істеу керек?
  • Бесік тойға арналған тілектер
  • Ипотекалық несие алу үшін қандай құжаттар қажет?
  • Сәбиге ерекше есімдер
  • Үтіктегі дақты кетірудің 5 жолы
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика