Әйел түсінің арқасында мол байлыққа кенелді
10-05-2023
Түс көру – сыры әлі ғылыммен толық ашылып бітпеген психикалық ерекше құбылыс. Түстің кейбірі есімізде анық қалса, енді біреуі мүлде есте сақталмайды. Түстің әртүрлілігі біздің қалай жатқанымызға, өміріміздегі болып жатқан оқиғаларға, денсаулығымызға да байланысты.
Түстің үш түрлі болатыны туралы хадистерде айтылған. Ол жайлы Ислам ғұламалары былай дейді:
Рахмани түстер – Алла Тағала тарапынан періштелер арқылыұйықтап жатқан адамның рухына илхам (білдіру) етілетінтүстер. Бұл түстердің хақ екендігіне сенген абзал. Шайтани түстер – адам түсінде биік жерден құлауы, иткеталануы, шым -шытырық нəрселерді көруі,құбыжықпен арпалысып, шошып оянуы сияқты шайтанның əсерімен болатын зиянды түстер. Осы тектес түстерді көрген
адам «Ағузу биллаһи минаш шайтанир рәжимды» үш рет оқып, басқа жағына аунап жату керек.
Қияли түстерді адам күні бойы бірнәрсені ойланғаннан, уайымнан, біреуге ренжіп немесе ашуланып жүрсе, стресс, депрессия кезінде, ауырып жүрсе көреді.
Ендеше, жаман түс көрсек не істейміз?
Әбу Қатададан (р.а.) жеткен хадистен бұл сұрақтың жауабын таба аламыз:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Игі түс (немесе басқа бір риуаятта «жақсы түс» делінген) – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан. Кімде-кім жаман түс көрсе, сол жағына ақырын түкіріп, шайтанның кесірінен Алладан пана тілесін. Осылай істесе, көрген түсінен оған ешқандай зиян келмейді«, – деп айтты» (Бұхари, тағбир 4; Муслим, руя 1).
Ал жаман түс көрмеу үшін жатарда дəрет алып, «Фатиха», «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін, «Аятул Күрсиді» оқып, содан соң 33-рет «Субхан-аллаһ», 33-рет «Əл-хамдулиллаһ», 33-рет «Аллаһу Əкбар» деп тəсбі тартып оң жақпен жату керек.
Содан соң көрген жақсы-жаман түске садақа беріп, Құранды көбірек оқыған дұрыс.