Мемлекет берген қаражатты ұтым пайдаланды

Oinet.kz 14-11-2022 361

image.png

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының екінші бағыты шеңберінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алған «Бизнес бастау» жобасы соңғы 5 жылда халықты кәсіпкерлік дағдыларына баулып, жастардың бизнеске деген қызығушылығын оятты. Сон­дай-ақ қала, ауылдық жерлерде бизнес-орта қалыптастырды. Тұрғындардың бизнес-жобаларын сүйемелдеп, барынша қолдау көрсетті. Бұдан бөлек бизнес-жоспарларды әзірлеуге көмек көрсетіледі. Кредиттік және грант­тық бағ­­дар­ламаларға қол жеткізу мүм­кін­­­дігі жо­ғары. Кеңес беру тетігі де қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, «Бастау Бизнестің» тиім­ді тұсы көп. Соны ұтымды пайда­лан­ған­дардың бірі – Гүлнұр Сейітханова.

 Шымкенттік көп балалы ана «Қасиетті жол» оңалту орталығында саз балшық терапиясы арқылы 5 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу ісімен айналысып жүр. 

Гүлнұр Сейітханқызы 2020 жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында 21 күндік оқу курсына қатысып, «Саз балшық ісі» бойынша мемлекеттік грантқа құжат тапсырған болатын. Нәтижесінде жобасы оң нәтижесін алып, 555 650 теңге көлемінде қаржыға қол жеткізді. Қаражатқа кәсібін дамытуға арналған керекті құрал-жабдықтарын алды. Қазіргі таңда саз балшық арқылы емдеу әдісімен мүгедек балалардың түзеліп кетуіне біршама үлесін қосып отыр. Сондай-ақ, саз балшықтан қыш құмыралар да жасайды. Арт-терапевт:

«Арт-терапияның көмегімен адам өз сезімдерін терең түсінуге үйренеді. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік ортаға тез бейімделіп, кіріп кетуіне бағыт-бағдар беріп отырады. Және креативтілік адам бойында сенімділікті оятып, оның қалыптасуына негіз болады» – деп кәсібінің қыр-сырын сипаттады. 

Саз балшық терапиясы психотерапияның маңызды салаларының бірі – арт-терапия саласына жатады. Сондай-ақ, арт- терапевт аптасына бір рет «Шаңырақ» отбасы институтында мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына ақысыз сабақ өткізеді.

 «Бастау Бизнес» жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлік қызметке тарта отырып халықтың экономикалық белсенділігін арттыру. Ал халықтың дені экономикалық белсенді тұрғынға айналатын болса, ел экономикасы да жаңа деңгейге көтеріледі. Шымкент қаласында бойынша жоба аясында 400 айлық есептік көрсеткіштегі 1 150 грант берілу жоспарланған.

Жоба бизнесін берекелі етті
«Бастау Бизнес» жобасына қатысудың шарттары қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу