Шымкентте 60 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорын ашылады

Oinet.kz 09-08-2021 462

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Қалада адам саны көбейген сайын түрлі өнімдерге сұраныс артуда. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін қалада кәсіпкерлік саласында оң өзгерістер орын алуда. Қалада «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тағы бір жаңа кәсіпорын ашылмақ. Өткен аптадағы қала әкімі Мұрат Әтеновпен болған инвестициялық штабта жаңа жоба таныстырылып, негізгі мәселелері талқыланды.

«Тараз-INTERSERCO» ЖШС аяқ киім шығаруды қолға алды. Ол үшін арнайы аймақтан 1 гектар жер берілді. Инвестициялық жобаның құны  - 400 млн теңге. Жылына 150 мың аяқ киім тігуді жоспарлап отыр. Шығарылған өнім толығымен ішкі нарықты қамтитын болады. Шымкенттік аяқ-киім өте сапалы болады. Сапа болған жерде сұраныс артатыны белгілі. 

Кәсіпорын іске қосылған сәтте 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтар алынған. Вьетнамдық кәсіпкерлермен серіктестік орнату, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Штабта жер мен инфрақұрылым, экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болып шешім қабылданды. 

Шымкентте жастар «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындады
Жоба аясында 230 азамат жұмысқа орналасса
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу