Шымкентте тұрақты түрде жәрмеңке өтеді

Oinet.kz 21-06-2021 522

Screenshot_31.jpg

Қаланың экономикасының дамуында сауда-саттықтың алар орны ерекше. Сауда-саттық арқылы халық өзіне қажеттіге қол жеткізе алады. Сауда-саттық арқылы халықтың төлем қабілеттілігін анықтауға болады. Сауда-саттықта ең маңызды аспектінің бірі - тұрақтылық. Тұрақтылық болған жерде экономикалық өсім болады. 

Осыған орай, Шымкентте әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, Қаратау ауданда 16 ірі сауда үйінде мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әлімқұлов «akimat_shymkent» парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді. Аудан аумағында әр жексенбі сайын Нұрсәт ш/а «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында 192 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі. 

Аталған жәрмеңкелерде аудан әкімдігінің қызметкерлері әр апта сайын карантин талаптарын сақталуын, таңғы 8:00-ден 15:00-ге дейін қатаң талаппен қадағалауда. 

Сонымен қатар, Қаратау ауданы тұрғындарын сапалы, төмен бағада халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы Төле би, Ордабасы аудан әкімшілігімен меморандум түзіліп сауда орындары берілді.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары анықталды
Жастардың жұмыспен қамтылу үлесі жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу