Биыл 73 мың тоннағу жуық өнім жиналады

Oinet.kz 10-06-2021 510

Мемлекеттің экономикасының дамуына ауылшаруашылығы саласының қосар үлесі өте зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Ауылшаруашылығы - еліміздің экономикасының драйвері болуы тиіс" деп Жолдауында айтқан болатын. Осыған орай елімізде ауылшаруашылығына көңіл жоғары деңгейде бөлінуде.

Жақында республикада көктемгі егіс жұмыстары толығымын аяқталды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. 

Screenshot_15.jpg

Оның айтуынша, егіс алқабы 78,2 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы 22,7 млн. га алқапқа егін егілді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,7 млн. га алқапты құрайды.Майлы дақылдар алқабы 2,9 млн. га (+11,9 мың га), жем-шөп дақылдары алқабы 3,4 млн га (+104,2 мың га), көкөніс-бақша дақылдары алқабы 275,2 мың га (+10,6 мың га), картоп алқабы 198 мың га дейін (+5,8 мың га) ұлғайтылды. 

Шымкент қаласында да көктемгі дала жұмыстары жақсы жүргізілді. Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, қалада жалпы 29,3 мың гектар жерге көктемгі егін егу жұмыстары аяқталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық (2020 жылы – 27,9 мың гектар). Атап айтқанда, дәнді-дақылдар (бидай, арпа, жүгері) – 12,9 мың га, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) – 3,8 мың га, көкөніс пен бақша – 3,0 мың га,ал мал азықтық дақылдар – 8,9 мың га егілді. 

Нәтижесінде биыл жиналатын өнім көлемі 73 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13,7 мың тоннаға артады. 

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1 мың тонна жанар - жағармай бөлініп, қаладағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтініштері бойынша 257,5 тоннасы босатылды. Дала жұмыстарына 1 700-ден астамтехника тартылды.

Шымкент жасыл-желекке көмкеріліп, көркейіп келелді
Кәсіп бастаймын дегендерде мүмкіндік мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу