Резиденттерге жеңілдік көп

Oinet.kz 09-06-2021 523

Кез-келген қаланың драйвері - кәсіпкерлік. Ірі һәм орта және шағын кәсіпкерлік. Ірі кәсіпкерлікке - зауыт-фабрикалар, өндіріс орындары жатады. Ірі кәсіпкерлік мыңдаған адамды жұмыспен қамтып, қаланың экономикасын алға сүйрейді. Сол себепті де өңірде ірі кәсіпкерлікке қолдау көрсету аса маңызды. 


Screenshot_9.jpg

Осыған орай Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «TDL Textile» компаниясының құрылтайшысы Р.Петровті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтасты айта келіп, Шымкентте тоқыма өнеркәсібін дамыту жайын сөз қылды. Ресейлік кәсіпкер «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан «Azala Cotton» тоқыма фабрикасының жұмысымен танысқанын және ортақ жұмыс жасауға мүдделі екенін білдірді. 

«TDL Textile» компаниясы – мата, үй тоқымасы мен медициналық өнімдерді өндіретін, бүгінде Ресейдің үш облысында 5 500-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған алып кәсіпорын. 

Айта өтсек, аумағы 200 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылы құрылған болатын. Бүгінде экономикалық аймақтың аумағында инвестиция көлемі 42,95 млрд. теңге болатын 25 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2 293 тұрақты жұмыс орны ашылды. Резиденттер үшін тегін жер учаскесі, жер салығын, мүлік салығын және корпоративтік табыс салығын төлеуден босату түрінде инвестициялық жеңілдіктер мен преференциялар көзделген. 100 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған. Сондай-ақ, АЭА аумағында сумен жабдықтау және электр энергиясына тарифтер Шымкент қаласында жалпы белгіленген тарифтерден айтарлықтай төмен екенін атап өткен жөн.

Әйтенов: Жыл соңына дейін 754 жұмыс орны құрылып, 13 жоба іске қосылады
Балық берме, қармақ бер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу