Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетіледі

Oinet.kz 13-07-2021 1461

Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған 30 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп үлгерді. Көптеген экономикалық жобалар қолға алынып, халықтың әл-ауқаты артты. Елдің тұрмыс деңгейі артып, бюджет кірісі артты. Әсіресе өңірлерде республикалық бюджетке қосатын үлесі көбейіп келеді. 

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, биыл кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары үшін бюджеттен 12,9 млрд. теңге қаржы бөлінген. Одан бөлек, республикалық бюджеттен қосымша 5,1 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Осы арқылы қаладағы кәсіпкерлік саласының тамырына қан жүгіртіп, қала экономикасын одан әрмен дамыту басты назарда. Кәсіпкерлік қолға алынған жерде тіршілік қайнап, алыс-беріс артады. Тұрғындар жұмыспен қамтылып, отбасыдағы табыс артады.

Пандемия жағдайында бұл бағыттағы мемлекеттік қолдаулар өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артқан. Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсету жоспарлануда. 

Қалада бизнес өкілдеріне көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы үш жылда өнеркәсіп өнімнің көлемі 162 млрд. теңгеге немесе 32,9 пайызға артқан.

Шымкент инвестиция тартудан алдыңғы орындарда
Тәуелсіздік жылдары ішінде 2,5 трлн. теңгенің инвестициясы тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу