Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әйелінің сөзінен шықпайтын бір еркек:
- Шешең ертелі - кеш тамақ жей береді, еш тоймайды, мұның көзін құрт! -, деген сөзіне сеніп, тілін алып, қартайып қалған шешесін бір тауға апарып тастайды.
Кетерінде шешесінің бір нәрсені шайнап жатқанын көріп, манағы әйелдің сөзі есіне түседі де:
- ынымен менің шешем тоймайды екен ғой, - деп ойлайды. Ашуы келіп:
- Ой шеше! Не шайнап жүрсің? Жағың бір тынбайды ғой, - дейді. Шешесі:
- Кешір балам, бір жұмадан бері аузыма еш нәрсе алғаным жоқ, сондықтан тілімді сорып жүрмін, - депті.
Сонда ғана жігіт шешесіне мүлде қарамай, әйелін ғана тыңдап жүре бергеніне қатты ұялып, өкініп тәуба еткен екен дейді. Сөйтіп кеште болса қатесін түсініп, анасын үйіне алып келіпті.