Енем маған ерегесіп баласына өз қолымен арақ құйып берді

Oinet.kz 17-08-2024 1741

Мен сіздің тұрақты оқырманыңыз боламын.Түрлі тағдырларды оқып,шыны керек жүрек ауырады. Сол жандарға айтарым, Сіз Алланың қалауымен өмірге келген жансыз,сіз мықтысыз!

Screenshot_18.jpg

Сол мықтылардың қатарына әуелі Алла содан соң өзімді қосып айтқым келіп отыр. Көптен бері жазу ойымда жүрген. Бүгін игроман жолдасы жайлы пост жазған соң, мен де жазайын мүмкін біреуге көмегім тиер деген ниетпен жазып тұрмын. Басынан бастап айтайын қысқаша.

19 жасымда өзім қалаған жігітке тұрмысқа шықтым, басында бәрі жақсы болды. Ол намаз оқитын. Бір күні тойға барды өзі ғана, ішіп келді алғашқы рет, мен таң қалып ,енді ішпеуін өтіндім. Бірақ қоймады, жалғастыруды шығарды. Мен ішпе әдетке айналып кетеді десем, мамасы арамызға түсетін, не болыпты еркек болған соң ішіп тұрады деп, айтсам сенесіздер ма білмеймін, қонақтар қайтқан соң маған ерегесіп өз қолымен арақ құйып берген баласына. Сонда да соқыр көзім ашылмады. Қайын атамыз да ішетін, ішсе тоқтамай бомж сияқты ішеді. Әлі де солай. Бір күн сау, бір күн у шу болып өмір өтіп жатты. 4 баламыз болды. Бір күндері ішім бірдеңені сезіп жүрді. Уақыт өте ұстап алдым. Сөйтсем шегеді екен, наркоман болып шықты, шөп тауып алдым, ұнтақ т.б. Маған үйленбей тұрып бастаған екен. Қоя алмаған. Тіпті гаражда 2-3 күндеп тамақ ішпей шеккен күндері болды. Бәріне шыдап келдім. Солдым. Бір күні жарылдым, ішіме сыймай әке шешемді үйге шақырдым, күйеу баласына ақыл айтсын, қойсын деп. Әдеттегідей мамасы баласына жақтасып. Оны көрген әкем жинал 4 балаңмен өзім асыраймын жүр деді. Жиналып кеттім. Қоймай звандады, сонда мен айттым, намаз оқисың, емделесің сосын барамын дедім еріп, болмаса ажырасамыз дедім. 1 апта өткен соң, намаз бастағанын укол салдырып жатқан суреттерін жібере бастады. Қойған екен деп ақымақ басым тағы сендім, артымнан келді улап шулап үйге қайттық. Осы екі ортада өзімнің 5-шіме жүкті екенімді білдім. Неге туа берді деп жазғырмаңыздар, үнемі ішіп қуып кеткен жоқ, арасында 1-2 жыл салып қойып жүрді, айелміз сендім.

Үйге келген соң, бір апта өтпей әдетін қайта бастады, ішті шекті. Мен ауруханаға түстім қан кетіп, сохранениеде жаттым. Алдыру да ойымда болды, бірақ дәтім бармады. Босануды шештім. Әкем ішіп шеккенін қайталаса алып кетемін қалдырмаймын, сөзіңе де қарамаймын деген. Сомен, көп ойландым. Анаммен, жан құрбыммен сырластым. Ақылға салдым да, бұл маған берілген сынақ деп қабылдадым да. Оны емдетудің жолдарын ойластырдым. Сауықтыру орталықтарын іздедім. Таптым. Өзіне айттым бармаймын деді. Мамасы да бармайды қыстама деді, өйткені айына 300 мың еді ол центрдің оплатасы. Енеміз ақшаға тар адам, аш қалса да үйді жөндей береді.

Бір күні тағы ұрыс шығардым, әкеме звандап емделуге бар деп айтқыздырдым. Әрине күйеуім ашуланды. Мен таңдау жаса дедім, либо ертең менімен емделуге барасың, или әкем алып кетеді. Бізді көруге зар боласың дедім. Ол өте балажан еді, ішсе де шексе де зиянын тигізбеген, мені ұрмаған түрткені болмаса, жақсы адам екенін біліп тұр ғой ішім, сол үшін емдетіп тура жолға түсіргім келді. Ақыры келісті. Желтоқсанның 31-не уадесін алып 1-і күні жолға шықтық. Апарып жатқыздым. Қалдырып шықтым да жылай бердім, өзімнің аяғым ауыр, өзімді қолға алып үйге қайттым. Ол жерде сөйлестірмейді, 10 күнде 1 сөйлесуге рұқсат берді, 15-ші күні қайтамын деді, біз де шыдаймыз, сен де шыда деп 1 ай өтті, мен босандым. Екінші айға өзі қалатынын толық жазылғысы келетінін айтты. Қатты қуандым. Намаз оқып, сол жердің емін алып жүрді.

2 айда нәтиже көрсетті, өте арық болған, толықсып бетіне қан жүріп, жақсы болып келді. Әлі көрмеген баласын құшағына алып, міне содан бері 1 жылдан асты Аллаға шүкірлік етеміз ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз. Айтпақшы, енемді жаман деп ойламаңыздар, соңғы ұрыста маған жақтасты, или емделуге барасың немесе келін мен немерелерім кетсе сені де қуып жіберем, қайда кетсеңде іздемеймін деді. Сөзімді сөйледі. Ақыры келісті емделуге. Ия солай, мүмкін емес нәрсе жоқ. Айтпағым, қолды бір сілтемеңіз, қайта қол ұшын беріңіз, көзіңізді ашыңыз, осындай орталықтарға қамап емдемесе болмайды. Игроман, наркоман, алкоголизм т.б. Үй жағдайында қойып кетулері екі талай.

Ляззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Қайын атам құшақтап, сүйіп жабысады
Әйелімнің жезөкше болып кетуіне мен кінәлімін бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу